Пятница, 26.04.2024, 06:04
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Ақуыз заттарының аммонификациялануы
01.03.2013, 14:37
Ақуыз заттарының аммонификациялануы. Белок заттары клетка цитоплазмасының негізін құрайды. Ол топыраққа өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің өлекселерімен келіп түседі.

Сөйтіп белокты заттар ыдырағанда одан аммиак бөлініп шығады. Бүл процесті аммонификация деп атайты-ны жоғарыда айтылған.
Табиғат жағдайында аммонификация процесі көптеген микроорганизмдер топтарының қатысуымен жүреді. Ыдырау барысының алғашкы кезеңінде кәбінеое спора түзбейтін таяқша бактериялар қатысса, кейінірек спора түзетін — бацрілла түрлері қатысады.
Азот қосылыстары мол органикалық заттар ыдырағанда алды-мен олардан микроорганизмдер тіршілігіне қажетті энергия бөліне-ді, олардың кейбір белігі, мәселен, амин қышқылдары микробтар цитоплазмасының қүрамына енеді. Бос күйіндегі аммиактың жиналуы ыдырайтын заттардың қүрамындағы азот пен көміртегінің ара қатысына байланысты. Егер ыдырайтын затта белок, яғни азотқа бай қосылыс мол болса, ол ортада аммиак та едәуір көп жиналады. Орта углеводқа бай болса, микробтар минерал күйіндегі азотпен қоректенга, оның денесінде белок пайда болады.
Аммонификация аэробты да, анаэробты да жағдайда жүре бере-ді. Аэробты жағдайда бүл процеоке бактериялар, ‘актиномицеттер және микрошоптық саңырауқүлақтар катысады. Бүл кезде соңғы өнім ретінде, аммиак, кәмір қышқыл газы, су, күкірт сутегі және фосфор қышқылының тұздары пайда болады. Н. А. Красильниковтың зерттеуше қарағанда, актиномицеттер органикалық заттардың ыдырауының соңғы кезеңшде қатысады. Ылғалды аса көп керек етпейтін организмдер — актиномицеттер қуаңшылық аудандардың толырақтарында жүретін аммонификация процесінің басты себеп-шісі болып есептеледі. Кейбір микроскоптық саңырауқұлақтар қышқыл топырақта тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан мұндай жерде олар құрамында азоты бар органикалық қалдықтардың ыдырауына белсене қатысады.
Белоктың ыдырауын сөз еткенде біз әдетте аэробты және ана-эробты процестерді бірге қарастырамыз. Өйткені қандай да болма-сын белок молекуласы микробтар ферменттерінің әсерінен жай қосылыстарға ыдырайды. Сонда ол альбумоза, пептон және одан әрі ақырғы өнім — амин қышкылдарына дейін ыдырап кетеді. Ал амин қышқылдарының тотығуы нәтижесінде аммиак пен түрлі май қышқылдары түзіледі. Анаэробты жағдайда белоктың ыдырауы амин қышкылдарымен аяқталуы мүмкін.
Белок ыдырауының нәтижөсінде кейде аса қауіпті улы заттар түзіледі (индол, ікүкірт сутегі, скатол т. б.). Бұл белокты тағамдар бұзылғанда байқалады.
Клеткадағы ядро қүрамында кездесетін күрделі қосылыснукле-опротеид клеткада тіршілік жойылғаннан кейін өзгеріске ұшырайды. Бүл мына бағытта жүреді:
- скатолк
- фенол т. б.
-күкірт сутегі (Н25)
- су (Н2О)
- көмір қышқыл газы (СОг)
- аммиак (ИН
Аммонификациялаушы бактериялардың ішінде спора түзетін және түзбейтін түрлері бар. Бүлардың ішінде аэробты жағдайда тіршілік ететіндері мыналар:
Бактериум флуоресценс — өте майда (1—2) қозғалғыш таяқша тәріздес. Қоректік ортада жасыл-сары колония түзеді. Оның көпші-лігі салқынды үнатады.
Бактериум продигиозум — спора түзбейді. Колониясының түсі қызыл күрең болады.
Бациллиус субтилис — пішен таяқшасы д^п те аталады. Аса қозғалғыш келеді. Спора түзеді. Қоректік ортаның бетін жауып аймақтанып өседі. Осы кезде қоректік ортаның бетінде қаймақтаіь ғанда спораны өте көп түзетіні анықталған.
Бациллус микойдес — топырақ бактериясы. Аса қозғалғыш, спора түзетін таяқша. Қатты қоректік ортада бұтақшалары бар колониялар түзеді.
Бациллус мезентерикус — картоп таяқшасы. Қолониясының беті қайызғақтанған болады. Клеткалары таяқша тәрізді, спора түзеді.
Бациллус мегатериум — шырыштанған колониялар түзеді. Спо-ра түзеді, өздері өте қозғалғыш, шамасы 8 мк-лай таяқшалар.
Ф.акультативті анаэробты аммонификациялаушы бактерияларға жататындар:
Протеус бульгарис — спора түзбейтін, ұзындығы 4 мк-ға жететін таяқшалар. Белокты аммиак, күкірт сутегі және индолға ыдырата-ды. Температура — 5°-қа жеткенде оның тіршілігі мүлдем тоқталып қалады.
Бактериум коли — немесе ішек таяқшасы. Көпшілігі таяқша тәрізді және адам мен малдардың асқазанында жиі кездеседі. Бе-локты ортада аммиак пен индолды түзуіне қарағанда, аммонифика-циялаушы бактериялар деп есептеледі. Ол негізінен қантты ашы-тып, сүт қышқылын түзеді.
Анаэробты аммонификациялаушылардан мыналарды атап өтуге болады:
Бациллус путрификус — үзынша, спора түзетін таяқша. Бүл да асқазанда көп таралған. Белокты ыдыратқанда газ көп түзіледі. Ол шіріп жатқан өлекселерде, тамақтық заттарда, топырақта, түрлі консервілерде кездеседі.
Бациллус спорогенес — мөлшері 7 мк-лай, қозғалғыш, спора түзетін таяқша. Ол көбінесе топырақта, көңде кездеседі.
Жалпы асқазанда тіршілік ететін шіріту бактериялары белокты минералдық заттарға толық айналдыра алмайды. Сондықтан мал-дың көңін таза күйінде өсімдіктер қоректік заттар ретінде пайдала-на алмайды. Көңдегі органикалық заттар ыдырағанда одан бөліне-тін түрлі заттар, соның ішінде нитраттар, өсімдіктерге қолайлы қоректік орта бола алады.
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 859 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz