Пятница, 29.03.2024, 14:51
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

АСАНқАЙғЫ СәБИТұЛЫ
02.03.2013, 15:49

XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген. Мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш. Уәлиханов, Г. П. Потанин, М. Ж. Көпеев, С. Сейфуллин, М. Әуезов т. б. айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.

Ол Алтын Орда хандығының негізін салған Ұлық Мұхаммедтің ең беделді кеңесшілерінің бірі болған. Шығыс Дешті-Қыпшақта өрбіген саяси күрес кезінде Әбілқайыр ханның қарсыластары Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар Керей мен Жәнібектің жағында болды.

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған. Ш. Уәлиханов "көшпенділер философы" атаған. Асанқайғы жөнінде М. Әуезов былай деген: "Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік, дерек береді".

Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады.

Ішкі саясатта жер-су, жайылым, қоныс үшін қақтығыстар мен қайшылықтарды реттеу, ел-жұртының хал-ахуалын жақсарту мақсатында Асанқайғы хан алдына өзінің "ымыраға келу теориясын" ұсынған. Хан мен қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген. Сыртқы саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйтқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған. Асанқайғы көшпенді халық тұрмысына жұт, табиғи апаттар көп нұсқан келтіретінін жете сезеді. Осыған орай Асанқайғының жанға жайлы, жері нулы, суы мол, барлық адамдар терезесі тең өмір сүретін "Жерұйықты" іздегені туралы аңыз да елге кең тараған. Асанқайғы "Жерұйық" адамдардың теңдігі мен бақытының мекені болуы тиіс деп санады. Жер бетіндегі адамзат адал болуы тиістігін ғибрат етті. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқының тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Елі мен жұртының болашағы туралы толғанған, тұла бойы ізгілікке толы, халқына Желмаясымен жер жанатын іздеген абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол жаңа хандыққа үлкен үміт артып, қазақ халқының бақытты болашаққа жетуін көксеген. Осы мақсатты көздеп ол сол хандыққа қазақ руларының түгелдей енуіне күш-жігерін жұмсаған.

Алты атанға жүк артып, жылы, жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады. Әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.

Жыраудың толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады:

Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып неге терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің?

Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді: "Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай ма?". Осы бейнелер арқылы орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегендік танытады.

Асанқайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай т. б.) кеңінен тараған.

Асанқайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:

  1. Этикалық дүниетаным ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктерімен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
  2. Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімінің растығы, қоршаған ортаны тану мәселелері Асанқайғы философиясының басты бағыттары.
  3. Асанқайғы гуманизмі, адамға деген сүйіспеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асанқайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы Асанқайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.

Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 2012 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 1
1 Темирлан  
0
Vse OK!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz