Суббота, 20.04.2024, 11:20
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

ҚАСЫМ ХАН
02.03.2013, 17:55

Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім - Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасының сіңлісі.

Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды "атақты сұлтандар мен батырлардың бірі", "Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы" деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.

Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын түсініп, шегінді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз қарсыласын жеңді.

1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қамтып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін.

Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны 1 миллионнан асатын. Сондықтан да ол халықаралық саясаттан тыс қала алмайтын. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен саяси қуаттылыққа қол жеткізген еді. Қазақ хандығымен алғашқы болып дипломатиялық байланыс орнатқан көршілес Мәскеу мемлекеті еді. Бұл князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505-1533) жүзеге асқан болатын. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының тағы бір ерекшелігі - бұл кезеңде қазақтар Батыс Еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде таныла бастады. Австралиялық дипломат Зигмунд Герберштейн Еуропа оқымыстыларының арасында алғашқылардың бірі болып қазақтар туралы өзінің "Мәскеулік жазуларында" айтып өтеді. Тарихта бұл ұлы тұлғаның ұстанған бағыты "Қасым салған қасқа жол" атанып қалды.

Сыртқы саясатта Қасым хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбани әулетімен күрес жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшыларының маңғыттар және моғолдармен одақтық байланысы қалыптасты. Қасым хан өзінің билік құрған кезеңінің басында Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын басып алуға біраз әрекет жасады.

1513 жылы Қасым хан Қараталда болған кезде, Сайрам басшысы Қаттабек қаланы оған беріп, Қасым ханды өзбектерге шабуыл жасауға үгіттеді. Қасым хан қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап, Ташкентке жорыққа аттанды. Өзбек ханы Сүйініш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста Қасым хан жараланып, шегінді. Бұдан кейін шамамен сол жылы Қасым хан Шу өзенінің жағасындағы ордасында Ташкент басшысы Сүйеніш қожа ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болды. Екі басшы бірігіп, Ташкентке жорық жасауға келісті.

Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, келісімді жүзеге асыру кейінге қалдырылды.

Васифид сөзі бойынша, 1516-1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп, қазақтарға қарсы жорықты бастады. Ортаазиялық өзбектердің қыпшақ жеріне жасаған жорығының мерзімі Қасым хан билік еткен кезеңге сәйкес келеді.

Мұхаммед Хайдардың жазбалары бойынша Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің "Раузат-ат Тарихирин" атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Қасым ұлы Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1705 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz