Пятница, 26.04.2024, 09:04
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Атмосфера азотын түйнек бактериялары сіңіруі
01.03.2013, 14:30
тмосфера азотын түйнек бактериялары сіңіруі. Азотқа тапшы топырақтарда бұршақ түқымдас өсімдіктер жақсы өсетіні ерте бастан белгілі.

Оқымысты М. С. Воронин (1865) бұршақ тұқымдас сімдіктер тамырындағы түйнектерді зерттеп, онда микроорганизмдердің тіршілік ететінін анықтаған. Бұдан ейін оқымыстылар Гельригель мен Вильфарт, басқа өсімдіктермен салыстырғанда, бүршақ түқымдастардың бір айырмашылығы—олардың тамырында түйнектердің болуы және осы түйнектер ауадағы атмосфера азотын сіңіруге мүмкіндік береді деген пікір айтады. Мүны олар тәжірибемен дәлелдеді. 1888 жылы бүл бактерияларды алғашқы рет Бейеринк таза күйінде бөліп алады да оны бактериум радицикола деп атады. Соңғы кездегі зерттеулер түйнек бактериялары ездерінің дамуы барысында белгілі бір циклдеі-і өтетіндігін кәрсетті. Олар жас кезінде опорасыз, қозғалғыш таяқшаларға үқсас болса, ересек болған сайын талшьщтары жойылып, клеткаларында вакуолялар пайда болады. Бүл таяқшалар бү-тақталған түрде де кездеседі. Оны бактероидтар деп атайды . Бактероидтар ұсақталып, шар тәрізді түрге айналып, қайтадан таяқша тәрізді клеткалар пайда болады. Түйнек бактерияларының ;қазір бірнеше формалары табылды. Түйнек бактерия-лары әдетте бүршақ түқымдас өсімдіктердің тамырындағы түйнектерінде, ал кейбір түрлері топырақта жеке күйінде кездеседі. Олар қолайлы жағдайлар болғанда топырақта өсіп дамиды да кебейе береді. Залалсыздандырылған топыраққа осындай бактерияларды қолдан бергенде 15 күннен кейін топырақтың бір грамынан бірнеше жүз миллион осы бактерияыы кездестіруге болады.
Өсіп түрған өсімдіқтердің тамыр түктері арқылы түйнек бакте-риялары тамыр клешасының ішіне енеді. Сөйтіп, онда өсіп көбейедіде, буылтықтанған түйнектер түзеді (25-сурет). Топыраққа ауа жақсы енетін болса түйнек бактерияларына қолайлы жағдай туады. Түйнек бактерияла-ры өсімдіктермен селбесш тіршілік еткенде, оларды азотты қоректік заттармен қамтамасыз етеді де, өздері өсімдіктердің тамырыиан бөлінетін көміртекті қосылыстармен қо-ректенеді. Сонымен қатао байланысқан азоттың бір бәлігін бактериялардың өздері пайдаланады. Бұршақ тұкымдас өсімдіктердің тамырындағы азотты сіңіруі өсімдіктің даму фазасына байланысты. Өсімдіктер гүлдер алдында және гүлдеп түрған кезінде азотты едәуір дәрежеде сіңіреді. Түйнек бактерияларының ауадағы сіңірген азотының 75%-ін өсімдіктер, ал 25%-ін бактериялардың өздері қорегіне пайдаланады. Түйнек бактерияларының атмосфера азотын қалай сіңіре алатыны әлі күнге дейін аньііқталмай келе жатыр. С. Н. Виноградский бүл бактериялар атмосфера азотын аммиакқа айналдырады деген пікір айтты. Бұл пікірді Ф. В. Турчиннің жүргізген тәжірибелері дәлелдеді.
Атмосфера азотын сіңіру үшін түйнек бактерияларына кәміртегінің қосылыстары қа-жет. Ондай қосылыстарға түрлі қанттар: глюкоза, левулеза, раффиноза, мальтоза, галактоза жатады. Сонымен катар, олар спирт және басқа органикалық заттарды пайдалана алады. Осы көрсетілген органикалық заттарды түйнек бактериялары тотыктырады да осы процесс барысында атмосфера азотын сіңіреді.
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 914 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz