БұқАР ҚАЛқАМАНұЛЫ - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Суббота, 03.12.2016, 14:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

БұқАР ҚАЛқАМАНұЛЫ
02.03.2013, 15:53

Бұқар Қалқаманұлы - қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған.

Материалдық-тұрмыстық қиындықтарды басынан кешіріп, Ақтабан шұбырынды жылдарда өз билігінен айрылған Бұқар жырау билік басына Абылай хан келгенде мемлекеттік істерге қайта араласады. Ханның бас кеңесшісі және ең беделді билерінің бірі бола отырып, жырау қазақ халқының өміріндегі күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды.

Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған және араб тілінде жазған. Оның поэтикалық мұрасынан бізге 1200 жолға жуығы жетті. Олар XIX-XX ғасырларда ел аузынан жиналып алынған болатын. Өз дәуірінің тұрақсыз және құбылмалы сипатын Бұқар жырау заңды құбылыс ретінде қабылдайды. Оның айтуынша, әлемде ешбір зат мәңгілік емес, адам өмірі мен табиғат та өзгереді.

Бұқар жырау бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекетке үш жүздің бірігуін аңсайды. Сондықтан да бұл арманын жүзеге асыратын Абылай хан деп санап, Бұқар жырау өзінің іс-әрекеті мен өлеңдері арқылы оны қолдап, хандық билікті нығайтып, дамыту жолында күрес жүргізеді. Ол орыс патшалығының басты мақсаты қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асыру екенін жақсы түсінді.

Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс-әрекеттерін қатты сынаған ол айбарлы ханның ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.

Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Далба тауының баурайында қайтыс болған.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 281 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz