Вторник, 23.04.2024, 18:44
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану
01.03.2013, 14:17

Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі — бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.

Бүл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады. Біріншіден — бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді, екіншіден — микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады. Үшіншіден— бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді), төртіншіден—бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыіпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин, торфты — ізбесті қоспада өсіріл-ген бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және силикат бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады. Міне, осы тыңайтқыштарды жеке қарастырып, оларға сипатта-ма береміз.
Нитрагин. Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бүр-шақ түқымдас өсіімдіктердің зор маңызы • бар. Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы бірінші рет Бейеринк жеке бөліп альш зерттеді. Оны бактериум радицикола деп атады. Міне осы бактериялар бүршақ түқымдастарды азотпен камтамасыз етуде елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат даярланды. Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гекта-рына 2—3 -ге дейін, ал шөп 50—60-ге дейін артатыны анықтал-ды. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің әрбір гектарында шамамен 20-дан — 2000 /сг-ға дейін азот жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін еғілген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сондықтан бүршак түқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар көп жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудаидарда да, тұқымға әлсін-әлінитрагинді жүқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін арттырады.
Соңғы кездерге дейін практикада топырақты нитрагин қолданы-лып келді. Оны даярлау да, жер-жерге тарату да өте қиынға түсті. Сондықтан еліміздің шаруашылықтарының нитрагинге мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмады. Қазір заводтарда нитрагинді құрғақ күйінде даярлайды (29-сурет).
Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында құрғақ нитрагинді даярлаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Оны қазіргі кезде де қолдаыуға мүмкіндік бар. Н. И. Р ю м и н бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырын күзде жинап альш, оларды топырактан тзартып, көлеңкеде кептіріп, үнтақтауды ұсынды. Осындай тәсілмен даярланған құрғақ нитрагинді көктемге дейін салқын жерде сактап, көктемде 1 гектар жерге себілетін түқымға нитрагиннен 100—200 г-дай қосып, жақсылап араластырып тұқыммен бірғе сеуіп тастайды.
Е. Ф. Березова мен Л. И. К ор е н я к о нитрагинді даярлаудың қарапайым оңай әдісін үсынды. Бұл үшін бұршақ түқымдас өсімдіктер өскен, өнімі мол учаскелерінен өсімдік тамырларын түйнектермен бірге қазып алып, суда аздап жуып, кептіріп, қүрғақ бөлмеде көктемге дейін сақтайды. Егістің бір гектарына сөбілетін түқымға сиыржоңышқа немесе бүршактың даяр тамырлары-ның 100—150 грамынан жоңышқа немесе беде тамырының 200—300 грамынан даярланған ерітіндімен тұқымды шылайды. За-водтық нитрагин жоіқта, осындай нитрагинді қолдану шаруашылық үшін өте пайдалы.
Көрсетілген тәсілмен әрбір шаруашылық нитрагинласап алуына болады.
Соңғы жылдары Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты қүрғақ нитрагинді өндірістік жолмен өндіруді жүзеге асырды. Қүрғақ нитрагинді даярлау мынадай негізгі буындардан тұрады. Бактерияларды анаэробты жағдайда өсіру; бактериялар өсірілгеы қоректік ортаны машинада тартьш, одан коймалжың пас-та өндіру; бактерияға бай паста үшін қорғаныш орта даярлап, онымен араластырып, артынан ,құрғату. Қүрғақ бактерияларға бай препаратты арнаулы сазбен (коалинмен) араластырып, қағазға орап, даярлау. Жоғарыда баяндалған жүмыстардың ішінде бакте-рияларды қүрғату— ең ібір қиын да, жауаптысы. Көпшілік жағдай-да осындай орепаратта тіршілікке қабілетті клеткалардың мөлшері 10—20%-тен аспайды. Әдетте бөлме температурасында мүндай препаратты сақтаса, тірі клеткалар саны тез азаяды. Қайта +2—5°-та олар біршама тәуір сақталады. Сонымен қатар, қүрғақшылыққа төзімді түйнек бактерияларын іздестіріп тауып, олардан препарат даярлау кажет. Мүндай жұмыстар жүргізіліп, препараттар да даярланды. Соның нәтижесінде қазір әрбір грамында 5-тен 10 мил-лиардқа дейін бактериялары бар ыитрагиндер пайдаланылады.
Құрғақ нитрагинді іпайдалану да оңай. Бұл үшін әдетте дән улайтын машиналарды қолданады.
Осы мәселемен айналысып келген ғалым Ю. С. Бородулина құрғақ препараттың қолайлы және қажетті мөлшерін анықтауда тәжірибе жасады. Тәжірибеде нитрагиннің екі мөлшері алынды. Оның бірінде клеткалар саны 90 миллиард, екіншісіиде— 150 мил-лиард болды.
Егер де жұқтырылатын құрғақ нитрагинде 90 миллйардтай бак-териялар болса, барлық уақытта бірдей өнім бере бермейді, қайта клеткалар саны көбейсе өнім де артатынын көрсетеді (19-таблица). Нитрагинмен өңделген түқымдар біркелкі өніп-өседі, дамиды жэне тез өнім береді. Сонымен қатар, түқымдарды нитрагинмен өңдеу, бұршак тұқымдастарды түрлі ауруға шалдығуынан сақтайды, олардағы азот мөлшерін де арттырады.
Нитрагиннің пайдалы әсері топырақ түріне байланысты. Әдетте қышқыл топырақтар нитрагиннің пайдалы әсерін мүлде төмендетіп жібереді. Сондықтан ол жерде -бұршақ түқымдас өсімдіктердің егілгеніне карамастан түкыммен бірге нитрагинді қайтадан ендіруге тура келеді. Түйнек бактериялары қышқыл топырақтарда (рН— 5,4) бес жылға жетпей-ақ қырылып қалады. Сондықтан мұндай топырақтарды алдын ала ізбестеу керек. Ол бактерия-ларға қолайлы жағдай жасайды. Ал реакциясы нейтралды (рН— 7,0) топырақтарда олар жақсы тіршілік етеді. Бірақ мүндай топырақка да мезгіл-мезгіл нитрагин беріп түруға тура келеді. Осы кезде дақылдардың гектарынан қосымша 20—25%-тей өнім алуға болады. Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар. Ауыр, лайлы, әрі бал-шьщты топырақтарда түқымға нитрагинді жүқтыру айтарлықтай нәтиже бермейді. Ал, қарашірігі мол топырақтар бүл препараттың тиімділігін арттырады. Отанымызда үзақ жылдар бойына жүргізіл-гөн (1958—1963) тәжірибелер нитрагинді қолдану арқылы дақыл-дар өнімін молайтуға мүмкіндік туатындығын толық дәлелдеді (19-таблица).
Бұл таблицадан бұршақ түқымдастарға нитрагин жұқтыру көпшілік жағдайда пайдалы екендігін көруге болады. Алынған қосымша өнім әдетте нитрагинді сатып алу мен қолдануға кеткен шығынды артығымен өтейді.
Әсіресе нитрагин ылғалы мол, қара топырақты жерлерде жақсы нәтиже береді. Мәоелен, Бүкіл одақтык астық шаруашылығы институтының жүргізген тәжірибесі нитрагин жүқтырылған бүршақ суперфосфатпен тыңайтылған жерге егілгенде жақсы нәтиже бере-тіндігін көрсетті. Алынған қосымша өнім гектар басына 13—22%-тей болды. Нитрагин тек өнімділікті арттырыіп қана қоймайды, сонымен қатар бүл тәсіл топырақты азотқа бай өсімдік қалдықта-рымен де толықтырады.
Академик Д. Н. Прянишн-иковтың керсетуі бойынша беде бір жылда гектар басына 300 /сг-нан астам атмоісфера азотын жинай алады. Ал люпин осы мерзімде 160—170 /сг-дай азот жинайды. Бір жылдық бұршак тұқымдас өсімдіктер (бұршақ, жем бұршақ т. б.) гектар басына 100 кг-ға дейін топырақта азот қалдырады.

Айта кететін жағдай тұқымға нитрагин жұқтыруды түрлі улы химиялық заттармен залалсыздандырумен ұштастыра білу қажет.
Л. М. Доросинский тәжірибесіне қарағанда, алдын ала хи-миялық препараттармен залалсыздандырылған тұқымды нитрагин-мен еңдеуге болатындығы анықталды. Мұны мына деректерден байқауға болады (20-таблица).
20 – т а б л и ц а
Тұқьшды сепкеннен кейін 1 г топырақтағы бактериялардың саны (мың есебімен)

Тәжірибе варианттары5 күн өткен соқ

10 күн өткен соқ

Нитрагин жұқтырылған, бірақ химиялық препарат-тармен залалсыздандырылмаған тұқымдар: Нитрагин жұқтырудан бір ай бұрын химиялық пре-параттармен залалсыздандырылған тұқымдар: . Нитрагин жұқтыруға үш күн қалғанда химиялық препараттармен залалсыздандырылған тұқымдар:

18 000 14 400 311

72 300 76 800

9 000

Ескерту: Нитрагин тұқымды себер алдында ғана жұқты-рылды.
Бұдан тұқымды химиялық препараттармен залалсыздандыру неғұрлым ертерек жүргізілсе, соғұрлым нитрагиннің пайдасы да арта түседі. Мәоелен, бұршақ тұқымдастардың тұқымының бір тоннасын 1—2 кг гранозан, меркуран және ТМТД (мыстың үш хлорлы феноляты) препараттарымен залалсыздандырып, одан кейін төрт жүма өткен соң нитрагин жүқтырып сепсе, түйнек бактерия-ларына бүл химиялық препараттардың әсері болмайтыны аньщтал-ған. Осы кездеегіске кеңінен қолданылып жүрген атразин, атратан, пропазин, прометрин және симазин препараттары түйнек бактерия-ларына керісінше әсер ете алмайды. Бірақ тұқымды және егісті улы химикаттармен өңдеу нитрагин құрамындағы түйнек бактерияла-рына қолайсыз әсер ететіні дәлелденген. Сондықтан ондай пре-параттармен, әсіресе түқымды өңдеуді неғұрлым ерте жүргізіп, содан кейін нитрагин жұқтыру іқажет.
Азотобактерин. 1901 жылы Бейеринк атмосферадағы молекула күйіндегі азотты сіңіре алатын азотобактер микробын тапты. Ол топырақта жеке, өз бетінше тіршілік ететін аэробты ор-ганизм. Бүл микроорганизмдерді зерттеуші ғалымдар ауыл шаруа-шылық дақылдарын азотпен қамтамасыз ету үшін, олардан бакте-риялы тыңайтқыштарды әзірлеуді үсынды.
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен Бүкіл одақтық ауыл шаруашылык микробиология институты азо-табактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан бастал-ды. Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар, Әдетте лабораторияда және заводтарда агарлы* азотобактерин даярлана-ды (30-сурет). Бүл үшін алдын ала қантты микроэлементтерді және борды суда ерітеді. Алынған ортаны қатты күйге .айналдыру үшін, 1,5—2%-тей агар қосады. Осындай коректік ортаны 0,2—0,5 литрлік сүт бөтелкелеріне құйып, залалсыздандырады да, сүйықты көлбей қатырады. Осы көлбей қатырылған ортанын бетіне азото-бактерді себеді. Бүдан кейін бөтелкелерді темпе-ратурасы +25—27° жерде 4—6 күндей үстайды.
Қоректік зат бетінде азотобактер қалың шы-рыш түрінде өседі, кейін ол қара қошқыл түске айналады. Осындай бөтелкедегі азотобактер клет-касының саны 40 миллиардқа жетеді. Мұндай препараттарды үш ай ішінде қолдану керек.
Агарлы азотобактерин жақсы препарат болғанымен оның толып жатқан кемшіліктері бар. Біріншіден — тыңайтқыштарды өндіру процесін механикаландыруға мүмкіндік жоқ, екіншіден үш айдан кейін бактериялардың азайып қырылып қалуы, тыңайтқышты қолдануды қиындатады, үшіншіден — еліміздің егіс даласына қажетті азотобактеринді даярлау үшін өте көп мөлшерде бөтелкені керек етеді, төртіншіден — жер-жерге тыңайтқышты таратқанда жолшыбай қолайсыз жағдайдың болмауын қадағалау қажет. Өйткені бактерия клеткалары қолайсыз жағдайға тап болса, қырылып кетуі мүмкін.* Агар-агар — теңіз балдырларынан алынатын зат. Қо-ректік ортаға қаттылық қасиет береді.Оеыған байланысты азотобактеринді тиімді етіп өндіру мәселесі алға қойылды. Қазір азотобактеринді топырақ немесе торф қосып даярлайды. Бұл үшін азотобактер қарашірікке бай топырақта немесе шымтезекте өсіріледі. Бұған арналған шымтезектің қышқылдығы өте аз және ол ыдырау процесіне ұшырамаған болуы тиіс. Топырақтың да қышқылсыз және қарашірікке бай болуы шарт. Бұл үшін жақсы өңделген жерлердің топырағын алып, оған парник қараші-рігін қосады. Шымтезектің немесе топыраіқтың сапасын жақсарту мақсатымен оған 1—2% бор, 0,1%-тей түйіршіктелген суперфосфат қосқан жөн.
Азотобактерин даярланатын топырақ күз басында жиналып, електен өтхізіліп, қүрғақ бөлмеде сақталынуы тиіс.
Алдымен азотобактерді қ^рамында 2% канты және осындай мөлшерде минерал түзы бар қоректік ортада төрт тәулік бойына температурасы +26—28° бөлмеде өсіреді. Сол кезде қоректік зат-тың бетінде шырыштанған сан мыңдаған азотобактер клеткасы пайда болады. Осы шырыштанған қабатты сыпырып алып жылы суда езіп, ерітінді даярланады. Осындай езіндінің бір килограмын шымтезектің немесе топыраіқтың 100 /сг-на қосып, әбден араласты-рып жылы жерғе кояды. Осындай топыраққа немесе шымтезекке фосфор тыңайтқышы қосылса азотобактерлер қаулап өседі. Осылай даярланған препараттың бір грамында азотобактердің 50 миллион-дай клеткалары болады.
Азотобактеринді екі-үш айдан асырмай қолдану қажет. Ұзақ уақыт сақталған препаратта азотобактердін, саны азайып, оның тыңайткыштық сапасы төмендеп кетеді.
Ауыл шаруашылық практикасында дақылдар тұқымын түрлі зиянкестердің зақымдауынан қорғау үшін әдетте химиялық препараттармен дәрілейді. Бұл шараларды тұқымды азотобактеринмен өңдеуден бүрын жүргізу керек. Өйткені түрлі химиялык улы заттар азотобактер клеткаларын қырып жібереді. Ал азотобактер жүқтырылған тұқымдар тез арада себілуі тиіс.
Тұқымды өңдеуге арналған химиялық препараттардың ішіндегі азотобактерге аса улы деп есептелетіні ■— гранозан. Сонымен қатар гексахлоран да қолайсыз әсер етеді. Бірақ олардың улылық қасиеті дайындалған препараттардың концентрациясына байланысты бола-ды. Препараттын, концентрациясы артқан сайын олардың улылык қасиеті де артады. Сондықтан тұқымға азотобактеринді жүқтырмас бүрын екі жеті гексахлоранмен, 3—4 жеті гранозанмен өңдеу керек.
Шамамен әр гектарға себілетін түқымға 3 кг, көшеттердің 40 данасына 6 кг азотобактеринді, яғни азотобактериннің 150—200
миллиард клеткасын қолдану керек.
Соңғы жылдарда азотобактеринді органикалық заттармен бірге түйіршік немесе қоспа түрінде қолданудың анағүрлым тиімді екен-дігін ғылым дәлелдеп берді. Органикалық заттар ретінде гектары-на 500—2000 /сг-ға дейін шымтезек немесе карашірігі мол топырақ-ты қолдануға болады. Ал түйіршік немесе қоспа түрінде дайында-ғанда органикалық заттарға 3—10%-тей суперфосфат және 10%-тей ізбес қосады. Бұған алдын ала даярланған азотобахтеринді қосып араластырады. Содан кейін қоапаны 4 тәулікке дейін үйіп тастайды. Қарашіріктен немесе шымтезектен бөлінген жылуды пайдалана отырып, азотобактер өсіп-өнеді, яғни дамиды.
Картоп түйнектеріне азотобактеринді жұқтыру үшін алдымені оларды ептеп ылғалдайды. Содан кейін азотобактеринді түйнекпен ұқыпты түрде араластырады. Ал, көшеттерді отырғызарда олардың тамырын алдыи ала даярланған азотобактерин ботқасына малып алады. Азотобактеринді түқымға көлеңке жерде жүқтырған жөн. Өйтпесе, күн сәулесі бактерияларды қырып жібереді. Қазір азото-бактеринді құрғақ күйінде кең колданады. Қүрғақ азото-бактериннің толып жатқан артықшылықтары бар. Оларды алыстағы колхоз бен совхоздардың көп қолдануларына мүмкіншілік бар.
М. Д. Куликовскаяныц тәжірибесінде азотобактеринді түқымға қосып сепкенде қант қызылшасында азот мөлшері артаты-ны байқалған. Ризосфераыың 1 кг топырағында шамамен 200 мг-ға дейін азот жиналады. Сол сиякты Украинада жүргізілген тәжіри-беде азотобактерин әоерінен картоп түйнегінде қосымша 0,20%-тей азот жиналатыны анықталды.
Күріш өсірілетін жерлерде де азотобактер кездеседі. Олар өне-бойы су астында болатын күріш егісі топырағының азот режимік жақсартады. Ауыл шаруашылық практикасында азотобактеринді қолдануды минералдық азот тыңайтқышын қолданумен үштастыра білу қажет. Қолданылатын азотобактерин өнімді арттырудың қо-сымша факторларының бірі болып саналады.
Сонымен қатар азотобактерлер өсімдіктердің есіп, дамуына әсер ететін физиологиялық ерекше қасиеттері бар заттарды топыраққа бәліп шығарады.
Мәселен, А. Г. Гебгардтың тәжірибесінде жалаңаш дәнді сүлы түқымына азотобактеринді жүқтырғанда әсімдікте витамин-дердің артатындығы байқалған. Тиамин және пиридоксин тобындағы витаминдердің есімдіктің тамырында және басқа вегетативтік органдарында азотобактеринмен өңделмеген өсімдіктерге қарағанда 36—82%-ке дейін артатыны анықталған.
Сонымен қатар азотобактериндер өсімдіктердің өсуін тездететін түрлі ауксиндер бөліп шығарады. Азотобактеринді түқымға жүқ-тырғанда одан өскен өскіндер ауруға шалдыкпай жақсы өседі. Е. Н.- М и ш у с ти н азотобактер ауру тудырушы, яғни фитопатогенді саңырауқүлақтардың тіршілігін тежеп, яайдалы микроорга-низмдердің тіршілігін жақсартатыныы анықтады. Мәселен, жүгері дәніне азотобактерин жүқтырғанда, тамыр айналасындағы нитри-фикациялаушы бактериялардың саыы 14 еое, ал анаэробты азот сіңірушілердің саны 25 есе артқан. Сондықтан да азотобактеринді тұқымға жүқтырғанда оның өсімдікке тигізетін жан-жақты әсерін ескеру қажет. Топырақ жағдайларына карай оның бүл қасиеті өзгеріп отырады.
Сонымен іқатар азотобактерин әрқашан да колайлы әсер ете бермейді. Ол бірқатар себептерге байланысты. Алдымен азотобак-териннің ортаға қоятын талабын ескерген жөн. Ол нейтралды топы-рақтарда фосфор тыңайтқышын төккенде өнігі-өседі. Мәселен, Алматы облысының ашық қоңыр топырақты жерлерінде азотобак-теринді колданғанда жаздық бидайдын, гектарынан 1,5 ц-цеп қосымша өнім алынды. Түйіршіктелген суперфосфат қолданғанда 2,05 ц, ал осы екі тыңайтқышты бірге қосып пайдаланғанда — 3,7 ц қосымша өнім алынды. Бұл кезде топырақтағы фосфор қоректік затының мөлшерін білудің едәуір маңызы бар. Егер де азотобакте-рин мөлшері көп болып, топырақтағы фосфор ‘қосылысы аз болса, азотобактерлер фосформен қоректеніп, өсімдікке тікелей зиянын тигізуі мүмкін. Сөйтіп , өнім темендеп кетеді. Ал түйіршіктелген тыңайтқыштармен бірге пайдаланғанда нәтиже мүлдем басқаша болады.
Сфйтіп, фосфор тыңайтқышы, әсіресе суперфосфат пен органи-калық тыңайтқыштар азотобактер тіршілігін күшейтеді.
Осының бәрі азотобактеринді қолданған кезде агротехникалық шаралардың барлығын жоғары дәрежеде жүргізу керек деген қоры-тындыға келтіреді. Азотобактерин кең төгілген топырақтарда да жақсы нәтижеібереді.
» Ғылыми зерттеулерге қарағанда, азотобактердің белгілі бір түрі, кейбір дақылдардың ризосферасында тіршілік ете алатындығы анықталған. Сондықтан қазір әрбір дақылға қажетті азотобактерин іздестірілуде.
Азотобактердің жергілікті жерде тіршілік ететін түрлерін сол жерлерге егіс еккенде қайтадан қолдану жақсы нәтиже береді. Мәселен, Целиноград облысы «Путь к коммунизму» колхозының шөл-адырлы жерлерінің қара қоңыр топырағында заводтан алынған азотобактеринді қолданып, жаздық бидай егісінің гектарынан 1,7 ц артық өнім алынған. Ал егістікке дәл осы топырақтан беліиген азотобактеринді пайдаланғанда алынған қосымша өнім мөлшері 1,85 ц болған. Бұдан жергілікті жерден алынған азотобактеринді қолдану тиімді болатындығын байқаймыз.
Азотобактердің топырақта қаулап өніп-өсіті көбеюі қолайлы жағдайдың жасалуына тікелей байланысты. Сондықтан да азото-бактер жақсы өңделген, кұнарлы және тыңайтылған топырақта көп кездеседі. Әсіресе қолайлы жағдайлардың ішінде азотобактер үшін, топырақта органикалық заттардың мол болғаны дұрыс. М. В. Ф е -доров азотобактер үшін аздап шіри бастаған көң немесе қорда, тіпті сабан шашқанда дұрыс деген пікір айтады. Сабан әсерінен өнім бірінші жылы онша болмағанмен, кейінгі екі-үш жыл ішінде 45—70%-ке дейін артқан. Осыған сәйкес шөбі мол жерді аударған-да және аңызды жыртқанда азотобактерді қолданған пайдалы болады.
Е. Н. Мишустиннің тәжірибесі азотобактеринді әр түрлі тыңайтқыштармен бірге қолданғанда дақылдар өнімі әрқашанда арта бермейтінін аньііқтады (22-таблица).
Сонымен қатар азотобактеринді қарашірікпен қосып қолданған-да жаздык бидай өнімі 12% -ке артқан. Ал жалпы азотоібактериннің өзін колданғанда калустаның өнімі 19%-ке, помидор өнімі 28%-ке артқан.
Ф о с ф о р о б а к т е р и н. Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге онай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А. М е нк и н а топырақтан осындай микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактериядаң фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярлана-ды. Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп, топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы фосфордың 86%-тін өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.
Фосфоробактерин заводта өндіріледі. Ол үшін алдымен сұйық қоректік орта даярлайды да, оны ферментер деп аталатын арнаулы

31-сурет. Құрғақ фосфоробактерин
аппаратқа құяды. Содан кейін алдын ала даярлап, яғни өсіріп қойған фосфор бактерияларын қоректік ортаға араластырады. Ферментерге 30-дан 48 сағатқа дейін үздіксіз басқа микробтардан таза ауа үрленеді. Осылай еткенде коректік сүйыктың әрбір милли-литрінде 1-ден 3 миллиардқа дейін бактерия клеткалары пайда болады. Ферментерлердегі ортадағы бактериялар көптөп спора түзе бастағанда өсіруді тоқтатады. Бұдан кейін оларды арнаулы аппа-раттарда ‘қүрғатады. Онда температура +20—25°-тан аспайды. Қүрғақ препараттарды қүрғақ сазбен (коалин) араластырады. Осындай қүрғақ препараттың бір грамында апора түрінде 8 миллиардтай бактериялар болады. Әрқайсысын 50 г етіп, фосфоро-бактеринді картон қауашақтарға орайды. Осындай он кішкене кауашақты, фосфоробактеринді қолдану ережелері жазылған нүсқауды үлкен жәшікке салып, шаруашылықтарға таратады. Бүл 100 га егіске жетеді (31-сурет).
Фосфоробактеринді қолданудың толып жатқан тәсілдері бар. Бірақ бүл тәсілдердің барлығы дерлік бір принципке негізделген. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесінің жақсы дамуына бактериялар арқылы көмектесу. Сондықтан алдымен топырақта бактерияларға қажетті жағдайлар болу қажет. Оларға: топырақ реакциясының нейтралды немесе әлсіз сілтілі, азоты мол органикалық заттардың жеткілікті, топырақтың су және ауа режимінің қалыпты болуы жатады.
Фосфоробактеринді қолданудың бір оңай, карапайым тәсілі, онымен түкымды өңдеу. Қүрғақ күйіндегі тыңайтқышты алдымен суға езеді. Содан ірі тұқымдардың 200/сг-на 1 л тыңайтқыш ерітін-дісін бүркіп, артынан үқыпты түрде араластырады. Өңделген тұқымдардың сол күні себілгені жөн.
Түқымдық картоп түйнегінің 1,5—2 г-на 15—20 л ерітінді да-йындалады. Ол үшін көрсетілген мөлшерде су алып, оған фосфоро-бактеринді езеді де, жүқалап жайылған түйнекке бүркеді. Өсімдік көшеттерін отырғызарда олардың тек тамырларын тыңайтқыш ерітіндісіне малып алады. Жалпы тұқымдарды тыңайтқышпеи өңдеуді көлеңкеде жүргізу керек. Бүл — барлық бактериялы препараттарды қолданудың басты шарты, өйткені күн сәулесі бакте-рияларға күшті әоер етеді.
Түқымды химияльгқ жолмен дәрілеуді, фосфоробактеринді жүктырмастан біраз бүрын жүргізу керек. Тұқым формалинмен өңделсе, оны желдетіп алу қажет. Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеулер фосфоробактериннің жеке өзін қолданғаннан гөрі, қарашірікке қосып пайдаланса да дүрыс нәтиже беретіндігін көрсетті. Фосфоробактерин өсімдіктерді фосфорлы қоректік заттар-мен қамтамасыз етумен қатар, топырақ микроорганизмдерінің біразының тіршілігін жаіқсартып, жандандырады. Әсіресе азото-бактерлер тіршілігі жақсарады.
Жалпы фосфоробактерин түқымға жұқтырылғанда өсімдіктің өсІ!П-дамуы жақсарады, үзын болып өседі, сапасы да артады.
Фосфоробактериннің пайдалы әсері тәжірибеде анықталды. Бүкіл одакты-қ ауыл шаруашылық микробиология институтының зерттеулері фосфоробактеринді қолдану арқылы едәуір мөлшерде артык өнім алуға болатынын дәлелдеді.
Фосфоробактерин оңтүстіктің қуаңшылық аудандарында да жақсы нәтиже береді. Ал түқым мерзімінен кеш себіліп, қүрғақ топыраққа түссе фосфоробактериннің пайдалы әсері мүлде төмен-деп кетеді. Соньшен, бүл тыңайтқыштын, тиімділігі тұқымның дер кезінде себіліп, агротехникалық шаралардың сайалы жүргізілуіне тікелей байланысты. Фосфоробактериннің әсері әр түрлі топырақта түрліше болады
Бұл цифрлар фосфоробактериннің пайдалы әсер тигізетін жерлері СССР-дің қара тоиыраіқты аймағы екенін толық дәлелдейді. Ал

Батыс Сибйрьдің қышкыл топырақтары фосфор бактерияларының тіршілігіне аса қолайсыз.
Е. Н. Мишустин мен А. Н. Наумованың тәжірибесіне карағанда дәнді дақылдарға фосфоробактерин қолданғанда қосымша өнім 5—9% болса, помидорда және капустада ол 13—15%-ке жеткен. Авторлардың айтуынша фосфоробактерин өңделген құнарлы топырақтарда өте жақсы нәтиже береді. Сол сияқты фосфоро-бактерин тың және тыңайған жерлерді өңдегенде қосылса, өнімді едәуір арттырады. Қазақстанда жүргізілген тәжірибелер де бұл препараттың тиімділігін дәлелдеді
Қарабалық, Көкшетау және Қостанай тәжірибе станцияларының зерттеулері, бұл жерлерде фосфоробактеринді қолдану пайдалы екендігін дәлелдеді. Мәселен, 1951—53 жылдар арасында Қостанай облысында 129 тәжірибе жүргізілді. Олардың 86 тәжірибесіыде фосфоробактеринді қолданудан дәнді дақылдардың гектарынан 1,7 ц-леп қосымша өнім алынды.
Фосфоробактерин басқа бактериялы тыңайткыштар сияқты ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен іқатар өнімнің сапасын да жақсартады. Мәселен, М. А. Вишневсқийдің тәжірибесінде фосфоробактеринді қолдану картоп түйнегіндегі крахмал мөлшерін 0,5%-ке арттырып, әр гектардан 2,9 ц-лея крахмал алуды қамтамасыз еткен. Ал қант қызылшасындағы қант мөлшері шамамен 0,1—1,4%-ке артқан.Жүргізілген тәжірибелерді қорыта келгенде фосфоробактеринді негізінен күздік және жаздық бидайларға, жүгеріге, овощ және техникалық дақылдарға қолдануға болатындығы аныкталды. Фосфоробактерин Қазақстанның солтүстік облыстарында жақсы нәтиже береді.
Фосфоробактеринңің тағы бір ерекшелігі — ол төгілген жерде нитрификациялаушы бактериялардың тіршілігі күшейеді. Соның нәтижесінде топырақта азот қоеылыстары жинала бастайды. Сөйтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады.
«АМБ» бактериялы тыңайтқышы. Бүл тьщайтқыш қарашірікті ыдыратьш, өсімдіктерге сіңімді күйге айналдыратын топырақ микроорганизмдерінің бір тобынан даярланады. Микроорганизмдердің осы тобын, сол тыңайтқышты ұсынған Н. М. Лазарев «Аухтотонды микрофлора «Б» немесе қысқартып «АМБ» деп атаған.
Қышқыл батпақты, шымдыкүлгін және күлгін рН көрсеткіші төмен топырақтар түрлі микроорганизмдердің топтарына өте кедей келеді де, оларда өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қоры жет-кіліксіз болады. Осындай топырақтарды өңдегенде әкпен бірге «АМБ» препаратын колданады. Бұл қарашіріктің микробиологиялық жолмен ыдырауын тездетеді, сөйтіп өнімділікті арттыруға көмектеседі.
«АМБ» тыңайтқышын даярлау үшін алдымен микроорганизмдердің осы тобы арнаулы қоректік ортада өсіріледі. Микроорганизмдердің бүл тобына аммонификациялаушы, қарашірікті ыдыратушы, целлюлоза, нитрификациялаушы және басқа да толып жатқан бактериялар кіреді.
Өсірілген микроорганизмдерді алдынала ізбеспен нейтралданған шымтезекпен ҚОСЫІП, үқыпты түрде араластырады да үш тәулік бойына жылы жерде ұстайды. Бір гектар егіске жоғарыдағыдай етіп даярланған ‘препараттың 250 кг-ът колданады. Оны егіске бір қалыпты етіп шашады да, ілешала тырмалайды.
«АМБ» препаратын жергілікті жерде пайдалану өте оңай. Бұл ушін шымтезек топыраіқты тұқым себерге бір ай қалғанда даярлап қою керек. Даярланған шымтезектің бір тоннасына 1 ц ұнтаіқталған ізбес немесе фосфорит үнын қосады. Бұған 1 /сг-дай сүйық «АМБ» препаратын құйып, жақсылап араластырады. «АМБ» препаратын Ленинградтағы ауыл шаруашылык микробиология институтынан алуға болады. Осы қоспаны оның жалпы ылғал сыйымдылығының 50%-ке жеткенше сумен шылайды да жылы бәлмеге қалыңдығын 70—80 см етіп, жайып тастайды. Аптасына екі рет тыңайтқышты араластырып қояды. Ол құрғай бастаса, ептеп су бүрку керек. Үш жұма өткеннен кейін тыңайтқыш даяр болады. «АМБ» препаратын қолданатын маусымда ғана даярлайды.
«АМБ»прөпараты кебінесе СССР-дің Россия бөлігінде сыналды. Мүндай жүмыс Қазақстанда жүргізілген жок, Сондыктан біз оның осы аймақтағы пайдалы әсерін Н. М. Лазаревтің жүргізген жұмысының қорытындысынан көреміз (25-таблица).
Агротехникалық шаралардың барлығын толық жүзеге асырғанда ғана бактериялы тыңайтқыштар жақсы өнім береді.
Бактериялы тыңайтқыштарды минералды тыңайтқыштармен қосып қолдануда жақсы нәтиже береді. Мәоелен, нитрагин, фосфор және калий тыңайтқыштарымен бірге қолданылса нәтижесі жақсы болады.
Силикат бактерияларынан даярланған препарат. Калий өсімдіктер тіршілігіне қажетті қоректік заттардың бірі. Ол жетіспегенде қант пен белок заттарының жиналуы тежеледі, яғни фотосинтездің дұрыс жүруіне әсер етеді. Бұл өнімділіктің кемуіне әкеліп соқтырады. Калий тамыр системасының дамуын жақсартады, әсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін және түрлі ауруларға шыдамдылығын арттырады. Жалпы топырақта калий мол болғанымен, оның көпшілігі іқосылыс күйінде, яғни есімдіктерге сіңімсіз түрде болады.
Калийдің өсімдікке тиімділігін арттыру мақсатында В. Г. Алек-сандров силикат бактерияларын қолдануды ұсынды. Ол бактерия-лар калийдің қосылыстарынан босанып топырақ ерітіндісіне араласуына көмектеседі.
Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институтындағы жүргізілген зерттеулер бұл бактериялардың атмосфера азотын сіңіре алатындығын және тапырақтағы нитраттарды жинайтын нитрификатор бактериялардың тіршілігін жақсартатынын дәлелде-ді. Кейде осы бактериялардың әсерінен фосфордың оңай сіңетін қосылысының мөлшері 15—20%-ке артатыны байқалған.
Силикат бактерияларын қолданғанда бидай, арпа, күріш, күнбағыс тағы басқа даіқылдардың түрлі ауруларға төзімділігі артады.
Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институтында осы бактериялардан құрғақ препарат даярланды. Басқа тыңайтқыштағы бактериялар сияқты силикат бактериялары да ылғалды сүйеді. Олар үшін топырақтың ауа режимі де, реакциясы да қолайлы болғаны жөн. Қышқыл топырақта олар өсіп, дами алмайды.
Еліміздің біркатар шаруашылыіқтарында жүргізілген тәжірибе-лер силикат бактерияларыи қолдану шамамен алғанда енімділікті 11,9%-ке дейін арттыратынын дәлелдеді

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1790 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz