Суббота, 20.04.2024, 00:08
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

БЕЙБАРЫС СұЛТАН
02.03.2013, 15:48

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс-Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі - Жамақ, анасы - Әйнек. Ол хорезмдік, бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Бейбарыс - қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхаммед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көпжылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне иек артты. Ал 1271 жылдан бастап исламның сопылық бағытта көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальяндық көпестерден сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемға сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырлардағы екі ірі қолға - "крестілер жорығы" мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысырда тарихи әдебиет мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен Алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды. Түркі әулеттері, халықтарының тарихи-географиялық мәліметтерін толық қамтитын энциклопедиялар пайда болды. Мысырда сұлтан Бейбарыстың өмір-дерегіне арнап жазған хатшысы Абд-аз-Захирдің тарихи еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Алтын Ордамен қарым-қатынастар туралы мәліметтер, сонымен бірге Қырымнан Волгаға дейінгі аралықтағы қысқаша "жолсілтеме". Қырымның тұрғылықты халқы туралы діни, этнографиялық мәліметтер келтіріледі.

Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді. Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны, берберліктерді толығымен өзіне бағындырды. Франктердің зәулім қамалдарын бірінен соң бірін талқандай берді. Барлық көршілес елдер мәмлүктер мемлекетімен санасатын болды.

Ол сұлтандық билікке қол жеткізген кезде қыпшақ жерлері моңғол ханы Берке Құлағу билеп отырған Алтын Орданың иелігінде еді.Бейбарыс бірінші кезекте достық пиғылдағы хат жіберді. 1262 жылы сұлтан екі ел арасында достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнатты.

1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны "крестілер жорығы", моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды, бүкіл мұсылман елдеріне қорған болды. 17 жыл Мысырда билік құрды.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1403 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz