Вторник, 19.03.2024, 14:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Иммунитет
01.03.2013, 14:40
Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті.

Әрине бүндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, івирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы түра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштьиқ қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды қүртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі.
Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөле-ді. Осыида клетка ішінде кандай іпроцестер орын алатыны жөнінде толық мағлүмат жоқ.
Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады.
Сонымен бірге иммунитөттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций түздарының жетіспеуі тежейді. Бұдан зиянды әсерлерге қарсы ікүресуде арнаулы шаралармен қатар (вакциналар егу т. б.) малдарды және адамдарды толық бағалы қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет деген қорытынды шығаруға болады. Жалпы иммунитеттің бірнеше түрлерін ажыратады. Оны мына схемадан көруге болады:
Табиғи немесе туа пайда болған иммунитет—адамдар және жануарлардың белгілі бір түріне тән. Ол түқым қуалайды. Бұдан мүйізді ірі қара малдың — жылқының маңқасымен, жылқының, иттің обасымен, адамның ит пен шошқа обасымен ауырмауы мысал бола алады. Түрлі иммунитет бір мезгілде бірнеше зиянды әсерге қарсы әсер ете алады.
Жасанды иммунитет адам мен жануарларда жұқпалы аурулар-дың әсерінен пайда болады және оны та,биғи -жағдайда қабылдаған ммунитет деп те атайды. Егер де иммунитеттер организмге түрлі биологиялық препараттарды енгізгенде (егу, вакцина, сарысу енгі-зу) лайда болса, оны жасанды жолмен түзілген иммунитет деп атайды. Бұнда организмдегі түзілген иммунитет зиянды микробтың бір ғана түріне арналады.
Табиғи жолмен түзілген иммунитет әдеттегіше үзақ болады. Ал кейбір ауруларға іқарсы түзілген иммунитет организмде бүкіл тіршілік барысында сақталыл қалады. Мәселеқадамдар шешөк, обамен бір рет ауырса, екінші рет ауырмайды. Тіршілік барысында түзілген иммунитетті актив және пассив деп өкіге бөлуге болады. Бүнда организм зиянды әсерге әзі иммунитет қүрайды. Жасанды жолмен құралған актив иммунитет түрақсыздау. Мәселен, паратифке қарсы бұзауларда жасалған иммунитет тек 6 ай бойына ғана сақталады. «Сибирь жарасына» қарсы жасалған иммунитет тек бірақ жылға жетеді. Актив иммунитет организмге вакцина енгізіл-геинен кейін 2—10 күн еткен соң түзіледі. Ал пассив, сарысу имму-витеті организмге дайын қорғаныш заттарды енгізгенде түзіледі. Түрлі аурулармен ауырған организмнің сарысуында осы ауруға қарсы иммунитет күраушы заттар пайда болады. Оларды арнаулы фабрикада өндіреді. Бүл үшін малдарға ауру қоздырғыш микроб-тардан жасалған вакцинаны енгізеді. Сонда сол малдар қанының сары суында қорғаныш заттар — антителалар түзіледі. Осындай сарысуды алып, басқа малдарға енгізгенде оларда осы ауруға қарсы тұра алатындық иммунитет түзіледі, бірақ бүл түрақсыз иммунитет, оның үзақтығы 2—3 жүма-ақ.
Табиғи пассив иммунитет организмге, оның әсіресе дүниеге келер кезінде анасының сүтімен немесе жатыр арқылы беріледі.
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 2012 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz