Пятница, 26.04.2024, 00:34
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

КЕРЕЙ ХАН
02.03.2013, 17:57

Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан - Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.

XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі тарихи мәліметтерінде Керей хан туралы деректер жоқ. "Тарихи Рашиди" еңбегіндегі деректерге сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті" тұрғындарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады.

Өзіне қарсы сұлтандардан құрылған саяси топтың көрші болуы Әбілқайырдың Моғолстанға қарсы жорыққа шығуына түрткі болды. "Бахр аль-Асрар" кітабының мәліметтеріне сай, 1468 жылы Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты жорық тоқтатылған. Әбілқайыр өлімінен кейін "Көшпенді өзбектер мемлекетінде" хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібек қол астындағы тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс басталды. Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх-Хайдар қолбасшыларының бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх-Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. "Көшпенді өзбектер мемлекетіндегі" билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына өтті.

Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады.

Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1127 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz