Құлқайырлар тұқымдасы - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Суббота, 03.12.2016, 14:37
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Құлқайырлар тұқымдасы
01.03.2013, 14:02

Құлқайырлар тұқымдасы. 15-мыңдай түрлері бар (82-90-дай туыс). Ағаштар, бұалар, шөптесін өсімдіктер.

Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларьшан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға үшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді; тозаңқап (тозандық) ішінде екі тозаң ұсы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұады, сиректеу олар 2-3 тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұлы болып келеді. Әрбір ұның ішіңде біреуден немесе көптен тұымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатьш лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.
Мақта туысы (хлопчатник — Оаззуріит). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық жөне субтропикалық аймақтары болып табылады.
Жіп иіруге қажегті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Иңцияда біздің эрамыздан 3 мың жыддай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы — талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60 мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70—75%-ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дөндерінен 20%-ке дейін тамаққа пайдаланылатын жөне техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа еспубликалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің 1/4-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта (упланд, или средневолокнистый хлопчатник — О.шгшіит) (209-сурет), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник), шыққан жері — Иран және Орта Азия; жәнегипет, немесе ұзынталшықты мақта (длинноволокнистый хлопчатник — О. репмапит), шыққан жері — Перу.
Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор: бөрітарақ кеңдірі (кенаф — НіЪізсш саппаЪіпш), бамия (Н.езсиіешш), авиценна канатнигі
Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей — Аііһаеае) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный — Аойісіпаііз ) деген түрдің тамыры әртүрлі катар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол катар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 255 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz