Пятница, 26.04.2024, 01:34
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

МәНШүК МәМЕТОВА
02.03.2013, 15:31

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.

Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалды. Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүрді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен асқақ өлімі соғыс даласында да, "еңбек майданында" да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертініректе режиссер-қоюшы Мәжит Бегалин "Мәншүк туралы ән" кинофильмін түсірді.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz