Нутрия өсіру - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Понедельник, 05.12.2016, 15:27
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Нутрия өсіру
01.03.2013, 13:38

Дербес шаруашылықта өсіруге тиімді де, қызықты жануар - нутрия, қазақта - «саз қамшаты» деп атайды. Ол кеміргіштер отрядына жатады, су мен қамысты мекендейтін жануар. Өсімдікпен қоректеніп, азықтандыру және күруді талғамайды. Терісі андатр терісіне ұқсас, өте құнды, түрлі түсті, бағалы терімен қатар диеталық қасиеттері жоғары қоян етіне тең, дәмді ет өндіреді.

 

Нутрияның тірідей салмағы 5-7 кг, денесінің ұзындығы 45-60 см.,6-7 жыл тіршілік етеді. Суда да, құрғақта да тіршілік етуге беймделген, алдынғы аяқтары қысқа, бес саусағы бар. Артқы аяғының төрт саусақтарының арасы терімен қосылған, бесінші саусағы бос, жиырма тісі бар. Жүні 90-93% түбіттен тұрады, түсі – қоңыр, ақ-қара, т.б. Мұз қатпайтын суда тіршілік етеді. Қысқы қаңтар, ақпан айларында терісінің сапасы жақсы.

 

Біздің суық аймақта торға төсеніш салып, жылы қора ішінде орналастырады. Тәулігіне  нутрия 20 кг-ға дейін өсімдікті судан алып, жейді. Нутрияға тамыртүйнек жемістер, пішен, асхана қалдықтары, жем, ағаштың жапырақтары, бұтақ, олрдың қабығы беріледі, олар картоп, капуста қалдығын да жейді.

 

Нутрия ай сайын төлдейді, 6-7 айлықта (4 кг салмақта) ұрықтандырылуға жарайды. Күшіктерін екі айдан соң анасынан айырады. Дұрыс күтсе, 3-4 жыл бойы төлдейді. Нутриялар буаздығы 132 тәулікке созылады, емшектері 4-5 жұп, екі жақ бүйіріне, арқасына орналасқан. Төл саны 1-ден 17-ге дейін, салмағы 80-380 г, орташа 5 (200 г).

 

Нутрияны 6-7 айлығында союға болады. Сыпырылған терісінің көлденеңі 14-15 см, ұзындығы 75-100 см, қалыңдығы 3 см. Қалың тақтайға жүнін ішіне келтіре, тарта кигізіп, іш жағынан майын пышақпен қырады. Еті  - диеталық өнім, салмағы 1,6 – 2,0 кг (6-7 айлық), сойыс шығымы 52%, Тұздап, сүрлеуге де болады. Етін сатушылардың мал дәрігерлік куәліктері болуға тиіс және ұшаларында мал дәрігерлік «нутрия» деген мөрі басылады.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 318 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz