Ризосфера микроорганизмдері - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Понедельник, 05.12.2016, 15:27
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Ризосфера микроорганизмдері
01.03.2013, 14:19

Ризосфера микроорганизмдері. Өсімдік тамырларының айналасындағы микроорганизмдерді ризосфералық микроорганизмдер деп атайды.

Мүндай жағдайларды бүршақ тұқымдастарынан жиі кездестіруге болады. Ал ризосфера деп тамыр системасына нағыз таяу жатқан аймақты айтамыз. Өсімдік тамыры бүл микроорганизмдерді коректік заттармен камтамасыз етіп қана қоймайды, олардың барлық топтарына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Сөйтіп тамыр айналасында микробтардың болуына байланысты өсімдіктердің тіршілігіне қолайлы жағдай да асалады. Тамыр айналасындағы топырақта органикалық заттар мол, сонымен қатар микроорганизмдер мен тамырлар бөліп шыға-ратын түрлі химияльгқ қосылыстар да болады. Бұл аймақта едәуір мөлшерде ферменттер, витаминдер, ауксиндер, кейбір амин қыш-кылдары кездеседі.
Ризосфера микроорганизмдері тамыр айналасындағы органика-лық заттарды ыдыратып, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті заттарға айналдырады. Тамыр сіңіретін қоректік заттар түгелімен дерлік микробтар тіршілігінің әрекеті нәтижесінде түзіледі. Сөйтіп тамыр мен микроорганизмдер арасында белгілі бір қарым-қатынас пайда болады. Мүның ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Ризосфера екі үлкен секторға бөлінеді:
1) Шалғай ризосфера — үсақ тамыршалардан бастап радиусы
2) бірнеше миллиметрден 50 см-ге дейінгі аймақты алып жатады.
3) Таяу ризосфера •— деп үсак тамыршалармен түтасып жатқан
4) аймақты айтады. Бүл аймақтағы микроорганизмдердің көптігі
5) соншалық тамыршалар және оның түктері микробтан көрінбейді.Микробтардың бүлай шоғырлануы тамырдан олардың тіршілігіне
6) қажетті заттардың бөлінуіне байланысты.
Тамырға таяу аймақтағы микроорганизмдердің жалпы саны мал азықтық астық тұқымдастарда, техникалық дақылдарда, ағаш тектес өсімдіктерде, шалғай ризосфераға қарағанда (10, 100, 1000-дап) әлдеқайда көп болады. Ризосферадағы микробтардың саны оларДың тамырға таяу және одан шалғай орналасуына бай-ланысты емес, сонымен қатар өсімдіктердің түріне, өсіп дамуы сатысына тікелей байланысты болады (16-таблица).
16 – т а б л и ц а
Ризосферадағы сапрофит микроорганизмдер саны

ӨсімдіктерГоризэнттар терең-дігі (см есебімен)г топырақтағы микробтар саны (мың есебімен)
 

 

 

 

ризэсферада  | шалғай изэсферада
Сұлы0-25 30-60

300 000 240 000

1500 500
Бидай0-25 30-60

150 000 280 000

1800 700

Бұл таблица жоғарыда айтылған мәліметтерді толық дәлелдеп береді.
Өсімдікте тіршілік процесі неғүрлым активті жүрсе, олардың тамырларынан бөлінетін заттардың мөлшері мен сапасы да соғүр-лым артады. Микроорганизмдер өсімдіктердің гүлдеу кезеңінде, гүлдеудің алдында ғана қаулап, дамиды. Өсімдік қурай бастағанда микроорганизмдердің саны да азайып кетеді.Өнімді жинап алғаннан кейін, егер топыракта ылғал жеткілікті болса, тамырға таяу ризосферадағы микроорганизмдердің тіршілігь кенет қаркынды дамиды. Өйткені өсімдік қалдыктары — тамыр системасы — ыдырай бастайды да, одан бәлінген заттар микроорга-низмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасайды. Соның нәтиже-сінде ондағы микроорганизмдер антибиотиктерді, витаминдерді (соның іиіінде Ві2 витаминін), органикалық қышқылдарды, түрлі ауксиндерді түзеді. Мүндай заттармен топырақтағы басқа микро-организмдер қоректеніп, олар да қаулагс, дамиды. Ризосфера мик-роорганизмдері өсімдіктерді қауіпті ауруларға шалдықтыратын паразит микробтармен күресіп, өсімдіктердің тамырын сақтап қалады. Бүл ризосфера микроорганизмдерінің тіршілігін қажет бағытқа өзгертуге мүмкіндік береді. Ризосфера микроорганизмдерінің ішін-де кебірек таралғандары спора түзбейтін бактериялар; азотобактериялар, түйнек бактериялары, аммонификациялаушы, денитрификациялаушы т. б. организмдер. Тамырға жуық топырактардың бір грамындағы олардың саны миллиардқа жетеді. Мәселен, шымд-күлгін топырақта еокен бидай ризосферасынан микроорганизмдердің толып жатқан топтарын кездестіруге болады (17-таблица).
17 – т а б л и ц а
Бидай ризосферасындағы әр түрлі микроорганизмдердің саны
(1 г топырақтағы саны, мың есебімен)

Өсімдіктердің даму фазасы

Бактериялар

БациллаларАктиноми-цеттер

Микроскоптық саңырауқұ-лақтар

Түлденуі     …. Масақтануы Ггулдеуі       ….

Пісіп-жетілуі

300000

420 000

560 000

280000

5 000

3 000

14 000

750 000

20 80

100

300

40 55 70

45

Сонымен бидай ризосферасындағы микроорганизмдер санының ең көп болатын кезеңі — гүлдеу фазасы. Одан кейін микроорганизм-дер саны азая бастайды.
Ризосферада актиномицөттер мен микроскоптық саңырауқүлақ-тар аз «ездеоеді және олар өсімдік дамуының алғашқы фазасыида ғана болады. Олар көбінесе өсімдік қалдықтарында жақсы дами-ды. Микроскоптық саңырауқүлақтардың ішіиде ауру тудырмай, өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін топтары да бар. Бүларға микоризалық саңырауқүлақтар жатады.
Микоризалық саңырауқүлақтар. Бүларға денесінде хлорофилдері бар болетус туысына жататын жіпше мицелийлі мик-роскоптык саңырауқүлақтар жатады. Морфологиялық ерекшелікте-ріне қарай микоризаны «эктотрофты» және «эндотрофты» деп бөле-ді. Эктотрофты микоризада саңырауқүлақтар тамыр ішіне енбей, оның айналасын қоршап жатады. Ал эндотрофты микоризада саңырауқүлақ мицелийі әрқашанда тамыр клеткасынын ішіне орналасады. Эктотрофты микоризаны жай көзбен кәруге болады.,Өйткені олар шоғырланған жерде ақ, қара, сұр немесе қоңыр дақтар пайда болады. Бұлардың жіпшелері тамыр жіпшелерінің арасына орналасады да, ол жерде ешқандай морфологиялық өзгерістер жасай алмайды.
Эндотрофты микоризалар, эктотрофтыларға карағанда, жиі кездеседі. Оларды микроскоппен ғана көруге болады. Әдетте саңырауқұлақтар өсімдік тамырларының ұлпаларына ерте көктемде, жұмсак. кезінде енііп алып, тіршілік етеді. Сонымен қатар бұл екеуінің аралығында орналасқан аралық (эндо-эктотрофты) мико-ризалар да бар. Олардың жіпшелері кейде тамыр клеткаларына * еніп кетеді. Қазіргі ғылыми жұмыстардың нәтижелері микоризалық 1 құбылысты — симбиоздық құбылыс деп қарауға мүмкіндік береді. Өсімдік саңырауқұлақтарды қантпен, витаминдермен және басқа да әзірге табиғаты белгісіз заттармен қамтамасыз етеді. Ал саңы-рауқұлақтар есімдіктің қоректенуін жақсартады. Олар топырақтан қоректік заттарды жіпшелері аркылы өсімдікке алып береді.
Микоризаның болуы топырақ факторларына: ылғал, ауа, температура режимдері, топырақ реакциясы, қоректік заттар мөлшеріне тағы басқаларға тікелей байланысты. Зерттеулерге қарағанда, ағаш тектес өсімдіктерде кездесетін эыдо-және эктотрофты микоризалар кәбінесе топырақтың рН 4-ке тең, ауа режимі жақсы, ыдырамаған қарашірікке бай, азот пен фосфоры аз жерінде көбірек таралған.
Жер шарындағы өсімдіктердің басым көпшілігі микотрофты. Олардың кейбіреулері облигатты микотрофты, яғни микроскоятық саңырауқұлақтар жоқ жерде өсе алмайды, жеміс те бермейді, қалған Дары факультативті, яғни саңырауқұлақтар барыжоғына қарамастан өсіп дами алатын есімдіктер.
^Эпифит микроорганизмдер. Өсімдіктер сыртында, яғ-ни олардың жапырақтарында, сабақтарында тіршілік ететін микро-организмдерді — эпифит микроорганизмдер деп атайды.
Эпифит микроорганизмдердің саны тұракты емес. Олар өсімдік-тердің вегетациялық дәуіріне және түріне қарай езгеріп отырады. Әр өсімдіктегі эпифит микроорганизмдер соларға тән келеді. Бүл микроорганизмдердің 80%-тейі псеудомонас хербикола тобына жатады. Бациллалар мен актиномицеттер эпифит микроорганизм-дер қүрамында тым аз. Ал пенициллум, фузариум, мукор саңырау-құлақтарының үрықтары көптеп кездесетіні анықталды.
Эіпифит микроорганизмдер паразит емес, олар сол әсімдіктерден бөлінетін заттармен қоректенеді.
Онда минерал заттардан натрий, марганец, аз мөлшерде кальций, магний, күкірт, калий, йод, болмашы мелшерде темір, мырыщ, фосфор және хлорды кездестіруге болады. Ал оргаиикалық заттардан амин қышқылдары солардың ішінде глютамин және аспарагин қышқылдары, серин, аланин, гистидин, лизин және тағы басқалары қанттардан глюкоза, сахароза, фруктоза және кейбір органикалық кышқылдар кездеседі. Міне эпифит микроорганизмдер осы заттармен қоректеніп, өніп-өседі.
Эпифит микроорганизмдердің ішінде тіршілігі барысында түрліулы заттарды түзетіндері де тегін емес. Ондай улы заттарды тек паразит кана емес, сондай-ақ сапрофит микроорганизмдерде түзе алады. Астық тұқымдастар дәнімен бірге қоймаға түсетін микрос-коптық саңырауқүлақтар арасында «микотоксикоз» ауруын қоздыратындары да бар. Сондықтан практикада эпифит микроорганизмдердің құрамын, таралу жағдайларын, бөлетін улы заттардың табиғатын және бөліну жағдайларын білудің зор маңызы бар. Бұны микробиологиялық лабораторияларда анықтайды.
Эпифит микроорганизмдердің қүрамында паразит және жарты-лай паразит топтары да кездеседі. Белгілі бір жағдайда бұлар өсімдіктерді зақымдауы да мүмкін. Көбінесе өсімдіктерде осындай паразит микроорганизмдерге қарсы түра алатындық қасиет бар, яғни табиғи иммунитет болады. Эпифит микроорганизмдерді кыратын заттар фитонцидтер және антибиотиктер тобыиа жатады.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 346 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz