Пятница, 26.04.2024, 17:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

РОЗА БАғЛАНОВА
02.03.2013, 17:31
Роза Тәжібайқызы Бағланова (01.01.1922 ж. т.) - қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996), Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 ж. Қызылорда педагогика институтында оқыды. 1941-1949 ж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-49 ж. Қазақ опера және балет театрының, 1949 жылдан Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән-өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Бағланова эстрада артистерінің Бүкіл одақтық ІІ конкурсының дипломанты (1946), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен ІІ халықаралық фестивалының лауреаты (1949). Бағланова кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді т. б.) әндерін орындайды. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда т. б. елдерде концерттік сапарда болды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты. Р. Бағланова арнап сазгерлер Ә. Есбаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиевтер ән жазған.
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 2643 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz