Пятница, 26.04.2024, 12:55
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Сейтек Оразалыұлы
02.03.2013, 19:41

(1861, 25 мамыр. қаз. Орда ауд. – 20.5.1933, Астрахан обл., Қарабайлы а.) – күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы. Алғаш домбыра тартуды ағасы Шошақтан (шын аты Сұлтанғали) үйренген. Кейіннен Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздармен кездесіп, репертуарын молайтқан. Оның «Арпалыс», «Ақ Еділ», «Бұлбұл Айша», «Орытпа», «Шарипа», «Жантаза», «Қарашаш», «Балқаймақ», т.б. күйлері бар.

Сейтек замана әділетсіздігіне қарсы шыққаны үшін қуғындалып, Орда, Иркутск, Астрахан, Бутырка (Мәскеу) түрмелеріне қамалды. Сібірге жер аударылады (1897). Осы кезеңде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарды. 1905 ж. каторгадан босап, еліне оралады. Мұнда ол анасы мен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» атты күйлерінде бейнеленеді. «Жігер», «16-жыл», терең психологиялық мазмұнға құрылған «Заман-ай» күйлері Сейтек шығармаларының жан-жақты өріс алғандығын танытады.  

1923 ж. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, өнер көрсетті. Ол түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланды. Бұл перне қазір де «Сейтек перне» деп аталады.

Сейтек ән де шығарған. Оның «Сейтек әнін» А.Затаевич «1000 ән» жинағына енгізген. Сейтек күйлері Қазақстан композиторлары шығармаларынан кең орын алды. Л.Хамиди мен С.Шабельский «Сейтек» (1940) атты бір актілі музыкалық пьеса жазды. Ғ.Жұбанова Сейтектің «Заман-ай» күйін өзінің «Батырлық» (1972) атты симфониялық поэмасында пайдаланды. Жазушы Т.Әлімқұлов композитор туралы «Сейтек сарыны» (1966) повесін жазды. Сейтектің көптеген күйлері халық аспаптар оркестрінің негізгі репертуарына енді.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1306 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz