Шамшатыр тұқымдасы - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Суббота, 03.12.2016, 14:36
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Шамшатыр тұқымдасы
01.03.2013, 14:06

Шамшатгар тұқымдасы. Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар.

Олар жер бетінің, негізінен қоңыржай климатты және субтропикалық елдерінде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыртын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға үшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6-мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 үялы, соған сәйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі.
Атальпс, гүддің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске- сарыға, қоңыр-қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5—7, аталықтарьшың саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады.
Емен туысы (дуб — Оиегсиз). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар; БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Табиғи жағдайда солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға және құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның (дубрав) негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40 м. дейін баратын, әдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы.
Жемісі жаңғақ (желудь — шошқа жаңғақ). Кәдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный) (212-сурет) Европада кеңінен таралған. БОР-дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең қүңды, орман түзетін ағашы болып саналады, ареалы-ның оңтүстік-батыс бөлігіңде, қыстык, және жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный — О.реггаеа) негізінен Кавказда және батыс Украинада Карпат тауының етегіңде өседі. Түкті емен (дуб пушистый — О.риЬезсепз) Қырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый — 0. 8иЬег), ол Жерорта теңізінің батысыңда кең таралған. Еменнің бұл түрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатыңца мәдени жағдайда өсіреді.
Шамшат туысы (бук). Барлығы 10 түр; БОР-дың флорасыңца 3 түрі бар. Олар солтүстік ендіктің қоңыржай климатты зоналарыңда өседі. Ылғалдығы жеткілікті, қүнарлы топырақта, буктер өнімділігі жоғары орман алқабы түзеді. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ төрізді жемісі малға жем болады. Гүлдерінің формуласы.
БОР-дың территориясында, Карпат тауыңда және оның Украинаға қарайтын етегінде европа бугі (бук европейский — Ғ.куіуаііса) (213-сурет). Кавказда, Қырымда шығыс бугі (бук восточный) өседі.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 403 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz