Пятница, 19.04.2024, 04:18
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Өсімдіктердің аурулары
01.03.2013, 14:41
Өсімдіктердің аурулары. Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күресу шараларын белгілейтін ғылымды — фитопатология деп атайды.

Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустық аурулар жер шарының барлық тұқ-пірлерінде таралған. Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет ■сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен, темекі теңбілі 1 : 100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау өсімдікке бірнеше жолдармен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері арқылы вирус сау клеткаға ауысады. Қейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын сорып қоректенеді және ол бүкіл тіршілігі бойына осы виірусты тасымалдаушы болып есептеледі. Өсімдіктердің қай органына бол-масын келіп түскенде вирус олардың басқа Іоргандарына лезде таралады.
Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше болады. Мәселен, темекі теңбілі үшін ол 9—11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Қейде бір вирус-тың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады. Вируспен ауырған өсімдіктерде хлоропластар бүлінеді. Соның нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгереді, теңбіл денеді. Жапырақ алақаны жиырылып, бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Соңғы кездерде өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да үсақ микоплазмалардың әсерінен болатыны анықталды. Сары аурумен ауырған өсімдіктердің органдарын тіліп қарап ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір микоплазмалық денелер 40 шақты өсімдіктердегі ауруды қоздырушылар болып есептеледі.
Вирустарға қарағанда микоплазмаларды жеке күйінде қоректік ортада өсіруге болады. Олардың көпшілігі элиппс тәрізді келеді. Микоплазмалық денелер вирустарға қарағанда антибиотиктерге| оезімтал келеді. Олармен күресуде хлортетрациклин, окситетрациклин және хлорамфенил қосылған тетрациклин жақсы нәтиже береді.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Бұның басты белгілері өсімдіктің өсуі, гүлдегі кейбір морфологиялық өзгерістер, мәселен, аталықтар жасыл болғанына қарамастан кіщірейіп кетеді, жапырақтарға теңбілдің түсуі. Оны қоздыратын қоңыр цикадалар — либурниа стриателла. Онда вирус белоктары кристалл және паракристалдар түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристалл препарат күйінде таза алуға болады.Астық түқымдастардағы бұл ауру көбінесе Сибирьде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп, қатаң сакталуына байланысты бүл аУРУ СССР-дің Европа ‘бөлігінде таралмаған. Көбінесе жерді зябке жыртқанда бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидордың қошқылданып ауруы сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында (Қырым, Қырғыз ССР) таралған. Оны қоздырушы — хиалестес абсолетус. Бүнда гүлдің тостағанша жапырақшалары бір-бірімен қабысып өсіп, қоңырау сияқты түрге айналады. Бұнымен ауырған помидорлар майда, іші қатты, тұтынуға жарамайтын болады. Бұл ауруларды қоздырғыштар СССР-дің орталық аймақтарында кездеспейді. Ол оңтүстік облыстарға тән.
Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күресуде сұрыптау немеое селекция кеп көмек ікөрсетөді. Мәселен, Терновский (1964) никотина глютиноза мен никотина табакумды шағылыстыру арқы-лы вирз^с ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың Лорх сорты-да вирустық ауруға тьгм төзімді келеді.,
К. С. Сухов пен А. М. Вовк (1949) жылы түкымдық картопты вирустан амаи сақтау үшін оңтүстік обльгстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген үсыныс жасады. Мәселен, вирусты тасымалдаушы организм хиалестес обсолетус июнь айының аяғы июльдің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картопты июльдің бірінші онкүндігінде отырғызу оларды аурудан саіқтайды.
Вирустық және микоплазмалық ауруларды құртудың жолына олардың табиғаттағы көзін, таралу жолдарын жою жатады. Мәсе-лен, қуыршақтанудың қоздырғышы табиғи жағдайда өсетін астық түқымдастарда, ал помидордың қошқыл ауруын қоздырушылар —■ дала шырмауығының тамырында қыстап шығады.
Насекомдар арқылы таралатын вирустық аурулармен күресуде иноектицидтер жаксы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дүрыс жүргізу, ауру өсімдіктерді дер кезінде құртуда бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен саналады.
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 1465 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz