Четверг, 25.04.2024, 08:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Сырым Датұлы (1712-1802)
02.03.2013, 19:42

Датұлы Сы­рым (1712–1802) – қазіргі Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы Сы­рым ауда­ны Са­ры­ой ауылын­да дүни­еге кел­ген. 1783–97 жыл­да­ры Ре­сей патшасының отар­лау са­яса­тына қар­сы күрес­кен Кіші жүз қазақта­ры көтерілісінің көрнекті бас­шы­сы, атақты ба­тыр, әйгілі ше­шен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тай­па­сының Бай­бақты ру­ынан. 20жа­сын­да өзінің асқан ақыл­ды­лығы арқасын­да өз ор­та­сын­да тым ер­те та­нылып, әділдігімен аты шыққан «Байбақты­ның ба­ла биі» ата­нады. сы­рым Кіші жүз бірлестігінің деңгейіне көтеріліп, ел ішінде құрмет­ке ин бо­лады. Сон­дықтан оны хан әулеті – Нұра­лы баһадүр өзіне тар­та­ды. Нұра­лы Сы­рым­ның әпкесін алып, өзінің Орын де­ген әйелінен туған қызы – Айғара­ны қосып, ту­ысқан­дық бай­ла­ныс орна­тады. Бірақ пат­ша­лық Ре­сейдің да­лалық өлке­де әкімшілік-са­яси ре­фор­ма жүргізіп, хан­дық билікті күшей­ту арқылы қалың бұхараның табиғи құқыла­рын шек­теу (Жайық өзенінен өту­ге тыйым са­лып, шұрай­лы жайылым­мен мал өрісінен айыруы) жергілікті билік ор­ганда­ры арқылы алым-са­лық түрін көбей­ту халық өкілі, ру­басы Сы­рым ба­тыр мен «орыс пат­ша­сы тағайын­даған» Нұра­лы хан­ның ара­сын ашып жібе­реді. Пат­ша әкімшілігінің озбырлығына, хан, сұлтан­дардың дәрменсіз халіне ашынған Сы­рым рубасылардың бас­та­уымен қару алып, қалып­тасқан са­яси жүйеге қар­сы шығады. Бұл ха­лықтың қалың бұха­расын, әр алу­ан әле­уметтік топ­тарды қам­тыған, Ресейдің отар­лау са­яса­тына қар­сы бағыт­талған ұлт-азат­тық көтерілісі еді.

Сы­рым Датұлы бас­таған ұлт-азат­тық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патша­лық Ре­сейдің ор­та­лық са­яса­тына қар­сы болған көтеріліс. Көтерілістің бас­ты қозғаушы күші – қара­пайым көшпелі ха­лық пен патша үкіметінің қысы­мына шы­дамаған би, стар­шын және ба­тыр­лар бол­ды. Кіші жүз ру­лары­ның бар­лығы да ат­са­лыс­ты: Шекті, Төртқара, Қара­кесек, Шөме­кей, Ке­те, Алаш, Сер­кеш, Таз, Бай­бақты, Беріш, Та­бын, Жағал­бай­лы, Қызылқұрт, т. б.

Көтерілісшілердің мақса­ты – ғасыр­лар бойы қалып­тасқан жерді пай­да­лану жүйесін қалпы­на келтіру, Орал ка­зак әскер­лерінің қазақ жер­лерін ба­сып алу­ын тоқта­ту, Кіші жүз Нұра­лы хан оның са­райын­дағы ақсүйек­тердің оз­бырлығына шек қою. Пат­ша ка­зак әскерінің оз­бырлығына қар­сы­лықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде стар­шындар Қадыр, Са­дыр және басқа ор­та бу­ынға жа­татын ру би­ле­ушілері. Алай­да ұзақ мерзімге созылған пат­ша үкіметінің отар­шылдық саяса­тына қар­сы бағыт­талған осы ірі көтерілістің ха­лық та­нысған бас­шы­сы Байбақты ру­ынан шыққан стар­шы­ны, ба­тыр Сы­рым Датұлы бол­ды. 1778 жылғы мәлімет­терге қарған­да Орал ка­зак­та­рымен қақтығыс­тың бірінде Сырым­ның балала­ры қай­тыс бол­ды. Бірақ ол кез­де Сы­рым Датұлы пат­ша үкіметіне қар­сы күрес­ке бел­се­не ара­лас­па­ды: Сы­рым­ның Орал ка­зак әскер­лерімен ашық түрде күресі 1783 жыл­дың күзінен бас­тылды 1783 жы­лы жел­тоқсан­да кез­дей­соқ қапаста қалған казактардың тұтқыны­нан 1784 жы­лы көкткмде Нұра­лы хан бо­сат­тырған ба­тыр ұсақ топтардың ба­сын қосып ірі әске­ри қол ұйым­дасты­руға ты­рысты. Сы­рым­ның Орал ка­зак әскер­лерімен кескілес­кен күресі 1784 жы­лы маусым­да бас­талды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топ­тасты. Стар­шындар Ба­рақ, Тіленші, Ораз­бай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісімен Елек қалашығының маңайына шоғыр­ланды. 1784 жы­лы қара­ша айын­да Сағыз өзенінің бойын­да Сы­рым­ның жа­нына топ­тасқан адам са­ны 1000-ға жетті. Пат­ша үкіметіне қыз­тем ет­кен Нұра­лының көтерілісшілерімен қаты­насын су­ыту Орын­бор билеушілері та­рапы­нан әске­ри ша­ралар қол­да­нуға түркі бол­ды. 1785 жы­лы 17 ақпан­да көтерілісшілер­ге қар­сы генерал-майор Смир­нов басқарған 237 ка­зак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз да­ласы­на те­реңдеп ене ал­май, қазақ ауыл­да­рын тонап, қазақтар­ды тұтқын­дап әкетті. 1785 жы­лы көктем­де көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жыл­дың науры­зын­да көтерілісшілерді талқан­дау үшін Орал ка­зак әскерлерінің бас­шы­сы Кол­па­ков пен По­нама­рев 1250 қару­лы ка­зак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлей­тті жер­лерде жүруінен мұндай та­биғат­тың қолайсыздығынан олар мақсат­та­рына же­те ал­ма­ды. Нұра­лы хан­ның ашық түрде пат­шаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қар­сы қой­ды, ендігі олар­дың мақса­ты хан­ды тақтан тайды­ру бол­ды. 1785 жы­лы стар­шындар съезі Нұра­лыны хандықтан тай­ды­ру ту­ралы шешеім қабыл­да­ды. Пат­ша әміршісімен де ара­сы суыған, бе­делінен айырылғын Нұра­лы қашып, кейін Ұлпаға жер ауда­рылып 1790 жы­лы қай­тыс бо­лады. Осы жағдай­ды пат­ша үкіметі отар­ла­удың пай­да­сына шеш­пекші бо­лып, О. А. Игель­стром­ның ре­фор­ма­сы бойынша хан­дық билікті жойғысы ке­леді. Сы­рым Датұлы ре­фор­ма­ны алғашқыда қолдады, се­бебі оның көзде­гені хан­дар арқылы іс жүзіне асы­рылып отырған үстемдікке соққы бе­ру болатын. Алай­да көп кешікпей па­ша үкіметінің өзі хан­дық биліктің мүддесіне қайшы ке­летініне көзі жетті. Ре­сейдің өз ішіндегі Ро­манов­тар әулетіне қар­сы­лық реформаның тоқта­лу­ына се­беп бол­ды. 1790 жы­лы ка­зак әскер­лерінің ата­маны Д.Донс­ков қазақтарға қар­сы қимы­лы көтерілістің қай­та өрлеуіне түткі бо­лады. 1791 жы­лы Нұралының өліміне бай­ла­ныс­ты, Ера­лының хан бо­лып сай­ла­нуы, Сырым­ның жаңа хан­ды мойын­да­ма­уы қазақ сұлтан­да­ры мен стар­шында­ры арасын­да жік туғыза­ды. Осы­дан кейін Сы­рым­ның екі жақты – Орал ка­зак­та­рымен өзіне қар­сы фе­одал­дық топ­тарға қар­сы күрес жүргізуіне ту­ра ке­леді. 1794 жы­лы Ера­лы хан­ның өлімі,1795 жы­лы Нұра­лы ұлда­рының бірі — Есімнің хан бо­лып сайла­нып, Нұра­лы ұрпағының хан тағына қай­та ора­луы Сырымның Нұра­лы әулетіне қар­сы­лығын бұрынғыдан­да өршітті. Бұл жағдай Сы­рым тобының хан сарайына тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сап, Есім хан­ның өлтірілуімен тын­ды. Бірақ ханның өліміне Сы­рым­ның же­ке ба­сының ешқан­дай қаты­сы бол­ма­ды. Хан өлгеннен кейін ел­де екі билік бол­ды: бірі — Нұра­лы ұлы Қра­тай хан сай­лан­са, екіншісі Игельстромның ұсы­ну­ымен жүзе­ге асқан Ай­шуақ сұлтан төрағалық ет­кен хан кеңесі. Оның құра­мына Нұра­лы хан­ның ұрпағые кіргізген жоқ, се­бебі осы­лай пат­ша үкіметі Сырым­ды өз жағына жақын­да­туға ты­рыс­ты. Бірақ олар қате­лесті. Қара­тай­дың хан бо­лып сай­ла­нуы Сы­рым­ның ықпа­лын қай­та­дан күшейтті.1797 жы­лы сұлтан Қара­тай­дың қуғыны­нан құтылу үшін с Сырым Датұлы Хи­уа хан­дығына өтіп кетті. 1802 жы­лы белгісіз себептермен Сы­рым Хи­уа хан­дығын­да дүние сал­ды.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 757 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz