Вторник, 19.03.2024, 10:16
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Тоқтыбайұлы Саңырық
02.03.2013, 20:11

Тоқтыбайұлы Саңырық ( 1692-?) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан. Әкесі - Тоқтабай да батыр болған.

Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шығыпты. Әкенің осы қасиеті балаларына да жұғып, Саңырақтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған. Атадан балаға берілген әңгімелер арқылы Саңырақтың бүгінгі ұрпақтары аталарын: «Ұзын бойлы, жауырыны сәл еңкіштеу, қолдары әлеуетті, ала көз, түсі суық, сұсты кісі болған» деп суреттейді. Саңырақтың ерекше қасиеті – құралайды көзге атқан мерген болған. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Ошақтының атақты бір байы той жасап, сонда мергендер жарысын өткізіп, бас бәйгеге қалы кілем жабылған қара нар бастаған тоғыз және сүйектен жасап, алтынмен аптап, күміспен күптеген керемет садақты тігеді. Осы сайыста 16 жасар Саңырақ бас жүлдені жеңіп алады. Кейін «Саңырақтың сарнауығы» деп аталып кеткен осы садақ Саңырық батырдың жоңғармен соғыстағы бас қаруының бірі болған.

Саңырықтың батырлық жолы әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін басталады. Атамекені жау қолында қалып, босқан елдің ауыр халын көріп, ет жүрегі езілген қазақтың намысты ұлдары ата жаудан кек алу қамына кірісіп, жер-жерде жауынгер жасақтар құрайды. Олар жаушы жіберіп, өзара хабарласып, бір-бірімен бірігіп, көп ұзамай бүкіл халықтық ұлы күшке айналады. Осындай бірігулер кезінде алғашқылардың бірі болып тізе қосқан Ұлы жүздің Саңырық батырымен кіші жүздің Тайлақ батыры болады. Олар осыдан кейін жұп жазбай, ел еңсесін көтерген тұңғыш жеңісті әкелген Бұлантты шайқасында, түпкілікті жеңіске бетбұрыс жасатқан Аңырақай шайқасында да бір болады.

Тарихшылар Бұлантты шайқасында шабуылдаушы әскердің қолбасшылары болған Саңырық пен Тайлақ батырларды осы жолғы жеңістің «жолашарлары» болды деп бағалайды. Саңырық батыр жасағы бұдан кейін де талай шайқасқа қатысқан. Оның Талас бойын жаудан тазартудағы, әсіресе, Ақкесерлігі ел аузында аңызға, жыр-дастанға айналған. Халық арасындағы сондай жырлардың біріндегі: «Босқан елді құрап  қол бастаған Саңырық. Қарсы келген жауына, қырғын салған Саңырық.

Анталаған қалмаққа, сүргін салған Саңырық. Тайлақ батыр екеуі серік болған Саңырық» деп жалғаса беретін өр жолдар ел қорғаған еріне риза болған халқының ерен құрметіндей, есте сақтар мәңгі ескерткішіндей көрініп, тым асқақ естіледі.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 779 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz