Жүн өнімділігі - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Вторник, 06.12.2016, 11:12
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Жүн өнімділігі
01.03.2013, 13:41

Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.

 

Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.

 

Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады. Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады. Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.

 

Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары ­ жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшықжәне ұяң деп бөлінеді.

 

Қылшық жүн қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б. қойлардан қырқылады.Ұяң жүн аралық қылшық пен түбіттен тұрады. Одан сапалы кілем, тоқыма бұйымдар жасалынады. Сапалы ұяң жүн сараджа, тәжік, балбас, қарғалы қойларынан алынады. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет ­ көктемде, қылшық жүнді қойларды екі рет ­ көктемде және күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Дүние жүзілік рекорд  ставрополь қойынан ­ 31,7 кг жүн қырқылған.

 

7.1. Қой қырқу. Қойдан алынатын өнім ­ жүн. Ол өзінің технолгиялық және биологиялық жағынан киім және басқа бұйымдар өндіруге еш теңдесі жоқ шикізатқа жатады. Жүннің сапасы ­ оны уақытында және дұрыс қырқып алынуына байланысты болады. Қылшықты жүнді қойларды жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқады, ал биязы және биязылау жүнді қойларды жылына бір рет ­ көктемде ­ қырқады. Ерте  қыста немесе көктемде туған қозыларды жазда немесе  күзде қырқуға болады.

 

Қырқу мерзімі ауа-райына, жүннің өсуіне, тұқымға, қыстың ұзақтығына байланысты. Көктемдегі қырқымды күн жылыда, жауын-шашынсыз күндері жылы қорада ұстап бағады. Қырқу мерзімін кешіктірмеу керек, себебі мал өз салмағын ыстық күндері жоғалтады, ал қылшықты құйрықты қой түлей бастайды да, жарты жүні түсіп қалады.

 

Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні сапалы, тығыз, тез шайырланады, терісі мықты, тез қырқылады. Қойдың жүні құрғақ болу керек. Оны қырыққыш машинамен немесе қол қайшымен қырқады. Алдымен оның үш аяғын байлап, жерге төселген брезентке немесе ағаш еденге жатқызады. Содан кейін басынан бастап, мойнын, кеудесін қырқып, аяғын басатқан соң қарнын қырқады.Қырыққанда қайшыны теріге жақын, бірақ кесіп алмайтындай етіп ұстайды. Бір салған жерге екі рет салмау керек, себебі жүн қиқымы көбейіп кетеді. Аяқ, қарын, құйрық жүндерін және басқа былғанған жерлерін бөлек

 

қырқып, жинайжы. Жүнді орап, пресске салып, 100-110 кг бума қылып сорттап, жүн жинайтын мекемелерге, агенттерге өткізеді. Жүнді тек кепкен күйінде сақтауға болатынын ескеру қажет!

 

Егер қойды электр машинкаларымен қырықса, қырқу сапасы жоғарылайды. Өндіріс арнайы фермер қолдану үшін маркасы ЭСА-І Д электр қырыққыш машинкаларын шығарады. Айта кету қажет: бұндай машинкалар электр энергиясын қолданғандықтан, оларды тек қана электр тогы бар шаруашылықтар ғана қолдана алады.

 

7.2. Қаракөл елтірісін бағалау.  Қойдан елтірі алынады. Елтірі дегеніміз 1-3 күдігінде сойылған қаракөл қозысының терісі, жүні бұйра және әдемі болады. Қозы есейген сайын бұйра жайыла береді. Елтірі сапасы қойдың тұқымына қозыны сою мерзіміне, тері сыдыру әдісіне және олардың алғашқы өңделуіне байланысты. Елтірі түсіне қарай қара, көк, қоңыр, қызғылт, ақ және алтын тәріздес түсті (сұр) болады.

Елтірінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге оның түсі, бұйрасының формасы, бұйрасының ұзындығы, биіктігі және жалпақтығы, түгінің жылтырлығы, жібектілік дәрежесі, көлемі мен қалыңдығы және тығыздығы жатады.

 

7.3. Қойдың жүн, ет өнімділігін бағалау. Қойдың жүн өнімін қырқылған жүнін өлшеу арқылы және оның таза жүн түсімімен анықтайды. Таза жүн түсімін анықтау үшін, әр қойдың жүнінен 200 г алынып, бес түрлі ыдыстардағы мөлшерлері әртүрлі содалы-сабынды суда 38-40о–та 5-6 минут жуады.  Жүннің тұрақты құрғақ салмағын айыру үшін ЦС-153-1 және ЦС-182 аппараттары қолдланылады. Бірінші үлгіні ыстық ауамен құрғатып, таза жүнді өлшейді, ал екінші үлгіні сығады. Таза жүннің түсімін мына формуламен анықтауға болады:

 

Р ­ жүннің   тұрақты  құрғақ салмағы, (г); Н ­ кондициялық ылғалдың нормасы, оның шамасы жүннің барлық түрлері үшін бірдей болады ­ 17%;

а ­ жуылмаған үлгі үшін алынған жүннің алғашқы салмағы, (г);

х  ­ таза жүн түсімі, %.

 

Мысалы, есеп жүргізу үшін мынадай көрсеткіштерді пайдаланайық: биязы жүннің тұрақты құрғақ салмағы ­ 72,7 г , жуылмаған үлгіден алынған жүннің алғашқы салмағы ­ 200 гдеп алсақ, таза жүн түсімі

 

 

Орташа есеппен алғанда, биязы жүнді қойлардың таза жүнінің түсімі  40-48% , биязылау қойлар үшін ­ 55-65% , ұяң жүнді қойлар үшін ­ 65-70%, қылшықты жүнді қойлар үшін ­ 60-80%  аралығында болады.

 

XVII-тапсырма. Төмендегі берілген (14-кесте) көрсеткіштерді пайдаланып,  таза жүн түсімін  х  есептеп, биязы, биязылау және қылшықты жүндердің таза түсімін бағалап, қорытынды жазыңыз.

 

Дүние жүзіндегі барлық елдерде 500-ге жуық қой тұқымы өсіріледі, соның ішінде  ТМД-да ­ 60-тан астамы, ал біздің елімізде ­ 13 тұқымы өсіріледі. Оларды, өніміне байланысты, мынадай төрт топқа бөледі:

биязы жүнді тұқымдар: қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-меринос қойы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, алтай тұқымы, кеңес мериносы жатады;

биязылау жүнді тұқымдар: цигай қойы, дегерес қойы, кроссбред қойы, қазақтың етті-жүнді қойы жатады;

ұяң жүнді: қарғалы қойы жатады;

қылшықты, етті-майлы: еділбай, қаракөл қойы жатады.

 

Бірінші топтың өнімдік көрсеткіштері әртүрлі болады, мәселен: өнім бағыты ­ биязы жүнді; аналық қошқарлардың тірілей салмағы ­ 55, 100 кг; жүнінің ұзындығы 8,0-10,0 см; жүн түсімі ­ әрбір саулықтан орта есеппен 4,5-5,5 кг, қошқарларының тірілей салмағы ­  8-12 кг; таза жүнінің шығымы ­ 40-48 %. Орта есеппен алғанда әр 100 саулықтан 130-140 қозы алынады. Жүнінің жіңішкелігі 60-64 сапада. Екінші тұқымдық тобының қошқарының тірілей салмағы 100-120 кг, ал саулықтары 55-65 кг; Жүн талшықтарының жіңішкелігі 50-58 спа деңгейінде, ұзындығы 10-15 см, таза жүн түсімі 55-65%; әрбір қошқардан 8-10 кг жүн қырқылады, саулықтан ­ 4,5-5,0 кг; 100 саулықтан 110-120 қозы алынады.

 

Үшінші тұқымдық топтың қошқарларының тірілей салмағы орта есеппен 105-110 , саулықтарінікі ­ 60-65 кг, екі рет қырқылады. Қошқардан 4,5-4,8 кг, саулықтан ­ 3,0 кг жүн алынады. Жүнінің ұзындығы 17-22 см, жіңішкелігі 48-56 сапа, жүн түсімі 65-70%, 100 саулықтан 100-110 қозы алынады.

 

Төртінші тұқымдық тобының қошқарларының тірілей салмағы 100-110 кг, саулықтары 70-75 кг; екі рет қырықаннан кейін қошқардан 3,0-3,5 кг, саулықтардан 2,0-2,5 кг жүн қырқылады, оның ұзындығы 15-20 см, таза жүн түсімі 60-80%, жіңішкелігі 48-56 сапа, 100 саулықтан 110-115 қозы алынады.







   
Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 637 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz