Жангелдіұлы Ескелді - Реферат - Каталог файлов - Пайдалы ақпарат порталы - Sak.clan.su
Вторник, 06.12.2016, 11:12
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кітапхана сайты
Меню сайта
Категории раздела

Каталог файлов

Главная » Файлы » Реферат

Жангелдіұлы Ескелді
02.03.2013, 19:27

(1692-1780) – қазақтың көрнекті биі, батыры. Туып өскен жері Жетісу алабы. Іле, Қаратал, Көксу өзендерінің бойы. Шыққан тегі – Ұлы жүз Жалайыр, оның ішінде Сиыршы атасынан өрбиді. Шежіре дерегі бойынша Сиыршының Бірманағынан – Байкөбен – Тоқымбет – Жанғабыл – Жылкелді – Ескелді болырп өрбіді.

Ескелдіден туған Дөмей, Арғынбай, Мырзатай, найман, Таңатар, Жылқыайдар, Түнғатар деп аталатын балаларының ұрпағы өсіп өнген. Ескелдінің үлкен атасы Жанғабыл батыр әйгілі Әлібекұлы Төле бимен бастас, қадірлес, құда болған. Төле бидің Ұлбике деген қызы Ескелдінің анасы.

Ескелді дүниеге келіп, Төлебиден сүйінші сұрапты дейді. Сонда Төле би: «Тілекті Алла ескерді, Жалайыйр еліне ес келді, баланың аты Ескелді болсын, елінің есіне ес қосылып, халқының қамын ойлайтын азамат болсын!» деп батсын беріпті. Ескелдінің аты жалын тартып мініп, ел ісіне араласқан кезі–Жоңғар шапқыншылығының өршіп, әсіресе Жетісуды қоныстанған қазақ ру-тайпаларының зор күйзеліске ұшырауымен тұспа-тұс келеді. Жойқын шапқыншылық жылдарында Жалайыр елі ата қонысынан ауа көшіп, Сыр бойына ығысуға мәжбүр болады. Осындай қиын-қыстау кезеңде Ескелді би өзінің әйгілі үзеңгілестері Балпық би, Орақты батыр, Қабан жырау сияқты елге тұтқа азаматтармен тізе қоса қимылдап жүріп, ата мекеннен жаудың іргесінің түрілуіне мұрындық болады.

Ескелді алғаш рет Жоңғарлармен болған Іле-Бақанас шайқасында (1723) батырлығымен көзге түседі. Осы соғыста жоңғарлардың Жетісудағы ең берік бекінісін бұзып, Ескелді батыр бастаған қол Қабанбай батырдың әскеріне қосылды. Күш біріктірген қазақ қосындары түріле қашқан жоңғар жақтарына Жоңғар қақпасының түбінде соққы беріп, зор шығынға ұшыратады.

Тарихи деректерде Ескелді бидің елдік істерінің бірі ретінде шапқыншылықтан шашыраған Жалайыр елінің басын қосып, ата мекені Қаратал, Көксу өзендерінің бойына қайта қоныстандыруы айтылады. Қалың Жалайыр атамекенге оралып, қоныс-тұрақ белгілесіп жатқанда Қабан жырау Ескелді биге былай деп сауал тастапты: «Уа, Ескелді, еліңді жеріне жеткіздің, талай–талай қасіретті басыңнан өткіздің. Осы жерге жеткенше шарқ ұрдың, тыным таппадың. Айт мына жұртыңа, ұрпағыңның келешегі не болды? Бұл жерде не азайып, не толады?» Сонда Ескелді би: «Тектіден тексіз озар, бірақ ұзаққа бармас, темір құрсау үзілер, темір кісен шешілер. Ұрпағым осы жерде өседі де өнеді. Оған мына Ескелді жарқырап тұрған күндей сенеді!» - деген екен. Десе дегендей, қазір Алматы облысының Талдықорған, Көксу аудандары кезінде Ескелді ауданы деп аталып, 1928 жылға дейін Шұбар, Қарабұлақ, Жалғызағаш елді мекендері Ескелді болысы делінетін.

Қазір ел қамын ойлап ересен істер тындырған ата-бабаға деген ұрпақ ризашылығының айғағындай болып Сарыбұлақ ауылында Ескелді-Балпық мұражайы жұмыс істейді. Мұражай төріне қойылған Ескелдінің дулығасы ел қамы мен халық тағдырына бел шеше аралақан ата бабаның көзіндей болып, бүгінгі ұрпаққа ықыласпен ден қойдыртады.

Категория: Реферат | Добавил: Beibarys
Просмотров: 257 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Бөлім
Поиск

Www.Sak.clan.su © 2016
Создать бесплатный сайт с uCoz