|
Каталог файлов
Всего материалов в каталоге: 216 Показано материалов: 31-40 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 21 22 » |
Тоқтыбайұлы Саңырық ( 1692-?) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Ошақты тайпасының Тасжүрек руынан. Әкесі - Тоқтабай да батыр болған. |
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. |
Толыбайұлы Олжабай (1709-!783) - жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. Шыққан тегі - Орта жүздің Арғын тайпасынан. |
Тауасарұлы Қазыбек (1692-1776) – Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар бақыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі - Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. |
Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ (1388-1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы, «Шипагерлік баян» атты толымды емшілік этнографиялық еңбектің авторы, өз тұсында Жәнібек хан, Жиренше шешен сияқты тарихи тұлғалармен бастас болып, ел қамы, халық тағдырына қатысты келелі істерге араласқан қоғам қайраткері. |
Датұлы Сырым (1712–1802) – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783–97 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. |
(1861, 25 мамыр. қаз. Орда ауд. – 20.5.1933, Астрахан обл., Қарабайлы а.) – күйші-композитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін салушы. Алғаш домбыра тартуды ағасы Шошақтан (шын аты Сұлтанғали) үйренген. Кейіннен Әлікей, Макар, Салауаткерей, Тұрып сынды өнерпаздармен кездесіп, репертуарын молайтқан. |
ейітқұлұлы Жалаңтөс баһадүр (1576-1656) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқанның әмірі. Туып өскен жері – Сырдарияның төменгі ағысы. Топырақ бұйырған жері – Самарқан қаласынан 12 шақырым жердегі Төртқара руы. Атақты Бәйбекұлы Әйтеке бидің үлкен атасы болып келеді. |
Сартұлы Қойгелді (1702-1795) – жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінде қол бастаған атақты қол басшылардың бірі. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Шымыр руынан. Әкесі Қойгелдіні жеті жасында Бұхара медресесіне оқуға береді. Ол сонда он жыл білім алып, елге діни сауаты мол білікті азамат болып оралады. |
(1771-1860) – қазақтың азаттығы жолында арыстандай алысқан атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлім тайпасының шекті аталып кеткен Жаманақ руынан. |
|
|
| | |